Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чили зообағында өз-өзін өлтірмек болған адам арыстан тұрған торға секірді (видео)

Чили астанасында болған атыстан екі бірдей аң патшасы қайтыс болды. Зообақ қызметкерлері адамды аман алып қалу үшін, арыстандарды атуға мәжбүр болған.

lkjhgfd

Бұл туралы National Geographic Россия хабарлайды.

21 мамыр күні Сантьяго қаласындағы зообақта 20 жасар ер адам жыртықштар тұрған торға қарғып мініп, өз-өзін өлтірмекші болған. Оқиға серуендер жүрген көптеген адамның көзінше орын алған.

Бұл туралы хабарлайды.

Ер адам секіріп барған үш арыстан оған назарын салмаған. Сосын жігіттің өзі оларды ұстауға талпыныпты. Осыдан кейін барып жыртқыштар ашуға мініп, зообақ қызметкерлерінің қару қолдануына тура келген.

Екі арыстан атылып, ер адамды тордан алып шығу арқылы үшіншісі аман қалды. Осылайша зообақ атына сын қарша борап, оларға түсініктеме жасауға тура келген.

Мамандар кез-келген зообақта осыған ұқсас жағдай бола қалған кезде, орындалатын арнайы ереже бар дейді: Олар қай сәтте де бірінші адамды құтқару үшін жасалады екен.

Қазіргі таңда ер адам ауыр халде ауруханада жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Талқылау