Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «Астана» мен «Селтик» тең түсті

Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік турында “Астана” командасы мен шотландиялық “Селтик” тең тарқасты.

20160727211032

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Алғашқы голды бірінші таймда ойынның 17-минутында Юрий Логвиненко салған болатын. Дегенмен екінші таймда қарсыластар сапынан Гриффитс есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп – 1:1.

Ойын толығымен “Астана” футболшыларының басымдығымен өткен болатын. “Селтик” қарымта шабуылдарға иек артқанымен, шабуылдары мардымсыз көрінген. Алайда шотландиялықтар Астанадан нәтиже алып кетті.

Келесі қарымта кездесу бір аптадан соң, Глазгода өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ірі әуежайлардың біріне Криштиану Роналдудың есімі берілді

Лионель Месси шашын басқа түске бояп, өзгеріп шыға келді

Аршавин “Қайрат” сапында ерекше гол соқты (видео)

Талқылау