Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт жұбайы Аиша өзінің қандай әрекетіне тез ашуланатынын айтып қойды

Әнші Бүркіт өміріне, отбасы және шоу-бизнес әлеміне қатысты көпшілікті қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Бүркіт жұбайы Аишаны тез ашуландыру үшін не істейтінін айтты

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Арнадағы «Құмсағат» бағдарламасының барысында әншіге 3 миунттың ішінде 33 сұрақ қойылған. Сұрақтарға жылдам жауап берген Бүркіт біраз дүниенің шетін ашты.

Сұрақ қою барысында Бүркіт мырза Аишаға жиі ерекше сыйлық жасайтынын айтты. Ал сүйікті жұбайын тез ашулындыру үшін не істейді?

«Тамақты уақытылы бермедің деп ұрысамын», – деп күлдірді әнші.

Сондай-ақ, Бүркіт көп ұйықтайтынын мойындап, осы әдетінің өзіне ұнамайтынын жасырмады.

Әншіге қойылған сауалдардың ішінде «Шоу бизнес деген не?» деген сұрақ та болды.

«Шоу бизнес деген – ол әншейін базар», – дейді Бүркіт.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау