Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт пен Аиша шетелдің әнін 2 миллион теңгеге сатып алған (видео)

Бүркіт пен Аишаның репертуарындағы әндердің басым дені шығыс бағытында екенін тыңдармандар жақсы біледі. Алайда шетелдің әндерін жиі орындағандықтан, Бүркіт пен Аишаны сынаушылар қатары көп, деп жазады Stan.kz.

Естеріңізде болса, жуырда ғана Бүркіт пен Аиша Доминикана елінде жаңа бейнебаян түсіріп, халық назарына ұсынған болатын. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында жұлдызды жұп не себепті аталған елді таңдағандарын айтып берді.

“Бізден ешкім бармаған ең алыс жерді таптық қой әйтеуір. Аиша баяғыдан сол жерге барғысы кеп жүрген”, – деп түсіндірді Бүркіт. Алайда экзотикалық елді бір көрсем деп армандаған Аиша ол жақта бейнебаян түсіруді жоспарламағанын айтады.

“Негізі мен шетелде клип түсіргім келмеген. Себебі өз елімізде түсірген әлдеқайда жеңіл әрі қазір жақсы түсіретін болған. Өзге елде түсірілімді ұйымдастырудың өзі оңайға соқпайды. Сюжет жасайтын болсаң да, адамдармен келісуің керек. Бірақ Айбек шетелде түсіргісі келді. Ал Доминикананы таңдаған себебіміз, ол жаққа бұрыннан барғымыз келетін”, – дейді Аиша.

Тыңдармандар көңілінен шыққан “Ұмытылмас” әні тағы да шетелден алынған болып шықты. Елдің сынына ұшырайтынын білген Бүркіт бұл мәселеге қатысты былай деп жауап берді:

“Тағы плагиат деп айтатын адамдар табылады. Сондықтан ескертемін, біз бұл әнді сербтерден сатып алдық, серб халқының әні. Қазіргі уақытта әннің заңдық тұрғыдан иесі біз”, – деп мәлімледі Бүркіт.

Әнші өзге елдің әні үшін қомақты қаржы бергенін жасырмай айтты.

“5 мың еуроға сатып алдық. Өздері бәрін жасап береді, сол минусовкасын дыбыс жазу студиясына жіберді. Сондықтан да ол біздің заңды түрде сатып алған әніміз. Бұл әнді екі айдың көлемінде іздедік. Бірақ бұл әнді плагиат деп жүрмеңіздер”, – деп ескертті Бүркіт.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын: Алғашқы жұбайыммен араласпаймын, бірақ қызым үшін аянып қалмаймын (фото, видео)

Өмірім өзгерді: Жұрт Ақбота Сейітмағамбетті ашық сұхбатынан кейін қолдай бастаған (фото)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

Желідегілер Бақытбек Есентаевтың жас кездегі сымбаттылығына қайран қалды

Талқылау