Шашы жылдам өскен бүлдіршін жұртты қайран қалдырды (фото)

Сәрсенбі, 16 Қараша , 2016 16:58

Кішкене Хизердің шашының қалыңдығы соншалық, жұрт оны жасанды шаш киіп алған деп ойлайды.

3A6526DC00000578-0-image-a-7_1479204876247

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Сингапурлік Хизер Сернаның шашы өте қалың. Бірнеше айдың ішінде оның шашының ұзындығы 6 дюймге (15,24 см) дейін жеткен. Оның осы ерекшелігін көрген жұрт Хизермен бірге суретке түсуге асығады. Алайда көз тиер деген оймен бүлдіршіннің ата-анасы өзгелерге қыздарымен бірге суретке түсуге тыйым салады.

3A6524FE00000578-0-image-a-8_1479204882906

21 айлық Хизер бас киім кигенді немесе шашын буып қойғанды ұнатпайды. Бастапқыда Нина мен Генри қыздарынан еш ерекшелік байқамаған. Тек жұрт оларды тоқтата бастаған соң, қыздарының шашына назар аударған.

3A65277C00000578-0-image-a-11_1479204909769

“Генри екеуіміздің де шашымыз қалың. Алайда қызымызға шашының қалыңдығы Вона арқылы берілді деп ойлаймыз. Ол – Генридің әпкесі”, – дейді Нина.

3A65273600000578-0-image-a-10_1479204905366

Нина қызының шашын күн сайын жуады. Ал шаштың толықтай кебуіне бір сағат уақыт кетеді екен.

3A65271C00000578-0-image-a-2_1479204840990

“Ол дүниеге келген соң, бірнеше ай ішінде шашының ұзындығы 6 дюймге дейін жетті. Мен оны баспалдақта көтеріп келе жатқан кезде алдымдағы жолды көрмей әуре-сарсаңға салынамын. Осы күнге дейін көптеген адам “Бұл жасанды шаш па?” деп сұрады. Себебі, олар мұндайды бұрын-соңды еш жерден көрмеген екен. Біз сыратта серуендеген сайын, жұрттың назары бірден Хизерге ауады. Супермаркетке барсақ та, мейрамханада отырсақ та, адамдар бізге қарайды. Тіпті, кей адам білдіртпей оны суретке түсіріп алмақ болады”, – дейді Нина.

3A65252500000578-0-image-a-1_1479204837489

Хизер күніне екі уақыт ваннада шомылады. Алайда басын тек бір рет жуады. Шашын фэнмен кептірмейді. Табиғи жолмен бір сағат ішінде кебеді. Нина Хизердің шашы өскен соң, жұрт бұрынғыдай үңіліп қарамайды деген ойда болған екен.

3A6525AC00000578-0-image-a-9_1479204894101

“Біз ол ваннадан шыққан соң, шашын жақсылап тараймыз. Кепкен соң, шашы өздігінен көтеріле бастайды. Мен оның шашы төмен қарай өскенде жұрт бұрынғыдай назар аудармайды деп ойлайтынмын. Алайда оның қуыршақ секілді келбетіне де көпшілік тамсана қарайды”, – дейді Нина.

Бүгінгі таңда Хизер шашын қалай жинағысы келетінін өзі айтып отырады. Әдетте бас киім кигенді мүлдем ұнатпайды.


Жіберіп алмаңыз:

62 жастағы миллионерге тұрмысқа шыққан 27 жастағы модель той суреттерін көрсетті (фото)

Төртеу және одан көп: Көп балалы қазақстандық танымал отбасылар (фото)

Бұл әйелдің тәнінде 1% май жоқ (фото)

Жер бетіндегі ең алып 15 жануар (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар