БҰҰ Семей полигонына қатысты арнайы қарар қабылдады

Сейсенбі, 21 Қараша , 2017 22:41

Семей экологиясына күллі әлем алаңдаулы. Осы өңірдегі ядролық сынақ салдарын жоюды Біріккен ұлттар ұйымы қолға алды, деп хабарлайды КТК.

Ұйымның Бас ассамблеясы еліміздің шығысында орналасқан полигон туралы тағы бір резолюцияны мақұлдаған. Маңызды құжатты 23 мемлекет қолдапты. Ол семейліктерді сауықтыру, қоршаған ортаны қалпына келтіру және қаланы экономикалық жағынан дамытуды көздейді. Қарарда экологиялық қасірет аумағын дамыту жолындағы Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі атап өтілген.

Семей экологиясына күллі әлем алаңдаулы! Осы өңірдегі ядролық сынақ салдарын жоюды Біріккен ұлттар ұйымы қолға алды. Ұйымның Бас ассамблеясы еліміздің шығысында орналасқан полигон туралы тағы бір резолюцияны мақұлдаған.

Маңызды құжатты 23 мемлекет қолдапты. Ол семейліктерді сауықтыру, қоршаған ортаны қалпына келтіру және қаланы экономикалық жағынан дамытуды көздейді. Қарарда экологиялық қасірет аумағын дамыту жолындағы Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі атап өтілген. Енді ол желтоқсанда қабылданады деп жоспарлануда. Айта кетсек, бұл Біріккен ұлттар ұйымының 1997 жылдан бергі Семейге арнаған тоғызыншы резолюциясы. Ал, ондағы ядролық сынақ1949 жылдан басталған болатын.

Алдымен, Абай, Абыралы аудандарында халыққа ескертілместен жарылыс жасалды. Ал, 1951 жылы атом бомбасын ұшақтан тастап жару, араға 2 жыл салып термоядролық құрылғы сыналды. 1955 жылы сутегі бомбасы жарылды. Дүмпулер бұдан кейін де тоқтаған жоқ. Осылайша,1989 жылға дейін Семейде 456 ядролық сынақ жүргізілген. Қазаққа орасан зор қайғы-қасірет әкелген полигон 1991 жылы ғана Елбасы бұйрығымен жабылды.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде Тәуелсіздік мейрамынан бұрын Жаңа Жылға қызу дайындалып жатыр

Шымкенттік келіншек өзін бұрынғы әкімнің зорлағанын айтып мәлімдеме жасады

Қырғызстан БҰҰ мінберінде тұрып шекарадағы шиеленіске Қазақстанды айыптады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар