Бұрынғы «Түрікия аруы» Эрдоғанға тіл тигізгені үшін қамауға алынды

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 18:28

Түрік аруы  Мерве  Бююксарач 2006 жылы елдегі ұлттық сұлулық байқауында жеңімпаз атанған болатын. Стамбұл  соты  Мерве желі арқылы көпшіліктің алдында елдің президенті Тайип Ердоғанның намысына тиетін сөздер айтты деп айыптап, оны 14,5 айға қамауға алды.

ару

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайты жазған.

Түрік аруы Instagram желісіндегі парақшасына  Эрдоғанды астарлай кекетке сатиралық өлең жариялаған. Президенттің қорғаушысы мұны  өз қорғауындағы азаматтың «жеке басына шабуылдау» деп атаған. Президент қорғаушысының ойымен келіскен сотаруды 1 жыл, 2 ай, 17 күнге абақтыға жабуға үкім шығарған. Бірақ жазаны кейінрек өтеуге рұқсат етілген.

Бұған дейін  Түркияның әділет министрі  Берік Боздаг елдегі 1845 азаматтың үстінен президенттің жеке басына тіл тигізуде күдікке ілініп, тергеліп жатқанын айтқан болатын.

Түркияда  президентке тіл тигізгендер  жауапқа тартылады: айыппұл төлеп немесе  бір жыл мен төрт жыл аралығына бас бостандықтарынан айрылады. Оппозиция өкілдері бұл заң елдегі сөз бостандығын жойып, Эрдоғанның саясатын қолдамайтындардың құқығын шектеуде деген ойда.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар