Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова өмірден озды

Жексенбі, 3 Шілде , 2016 15:53

Премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің твиттер-аккаунтында Салидат Қайырбекованың қайтыс болғанын хабарлап, туған-туыстарына көңіл айтты.

салидат

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Салидат Зекенқызы Қайырбекованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын»,- деп жазған Мәсімов.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусым күні Салидат Қайырбекованың ауыр халде ауруханаға түскені белгілі болған еді.

Қайырбекова 1961 жылғы 1 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2001-2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі. 1984-1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды көпбейінді емдеу-диагностикалық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1998-2001 жылдары – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы. 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Министрліктің Аппарат басшысы қызметін атқарды.

2004-2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры болды. 2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі. 2008 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің төрайымы.

2009 жылғы 5 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2010 жылғы 23 сәуірінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. 2014 жылғы тамыздан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрлігінің бірінші вице-министрі болды. 2015 жылдың қазан айында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарған.

Медицина ғылымдарының докторы. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар