Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы әйеліне ренжіген Астана тұрғыны оның басынан аяғына дейін айран құйып тастады

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бұрынғы әйеліне айран құйып тастаған азаматтың ісін қарады.

Бір жыл бұрын 5 баланың анасы күйеуінің қорлығынан шаршап әрі балаларын қорғау үшін заңды түрде ажырасып кеткен. Алайда бұрынғы күйеуі оған маза бермепті.

29 тамызда сот шешімімен бұрынғы күйеуіне 3 ай бойы әйелімен кездесуіне, хабарласуына, аңдуына, басқа жолдармен байланысуға тыйым салынған.

Бірақ азамат оған қарамастан бұрынғы әйелін таң атпастан аңдып тұрып басынан аяғына дейін айран құйып жіберген. Әйелдің денесінде соққының ізі де бар. Азамат сотта осылайша әйелдің көзқарасын өзгертіп отбасын сақтағысы келетінін айтты.

Сот шешімі бойынша ол 3 күнге қамалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Әр елдегі Facebook қолданушылары желінің жұмысына шағымданды

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің 3 жылға сотталып кеткенін айтты (видео)

Телефон қуаттағышы салдарынан 1 жарым жастағы сәбидің аузы күйіп қалды

Талқылау