Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы әскери тұтқын өзі жайлы айтып жапондарды таң қалдырған Назарбаевқа риза болды

Қазір Қарағанды облысында тұрып жатқан бұрынғы әскери тұтқын жапон Ахико Тецуро, Жапонияға жасаған сапарында өзі туралы айтып берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әңгімесіне таң қалып әрі риза болған.

984088

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

“Ахико – Қарағанды облысындағы құрметті ардагер. Ол әйелі Елена екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Бұл біздердің ел арасындағы нағыз жанды байланыс. Ол өзін құтқарып қалған қазақтардың арқасында Қазақстанды да жақсы көріп кетті”, – деді Назарбаев Токиоға жасаған сапары кезінде.

Акихо Тецуро 70 жылдан астам уақыт бойы Ақтас ауылын мекендеп келеді. Ол Қазақстанға екінші дүниежүізілік соғыстан соң тап болған. 86 жастағы қария туралы “Қарағанды облысындағы жапон тұтқындар” кітабында кеңінен жазылған. Алайда қарияның өзі сол бір қиын жылдар туралы айтқысы келмейді.

1945 жылы Қызыл армия Оңтүстік Сахалинге дейін барды. Ол кезде Ахико жас курсант болатын. 1948 жылы оны тұтқынға алып 10 жылға соттайды. Оны өзге жапондармен бірге жүк кемесі арқылы Владивостокқа әкелген. Ол кейін Петропавлға, сосын Жезқазғанға келген. Ахико тек 1989 жылы ғана ақталып шығады. Оны туған еліндегі туыстары мен жақындары тек жарты ғасыр өткен соң ғана көру бақытына ие болған.

“Әкесіне хат жазып жіберді. Ал әкесі болса өзің кел деп жауап жазып жіберіпті. Ал менің отбасым болды. Ол бәрін тастап жалғыз кеткісі келмеді”, – дейді Тецуроның жары Елена Ахико.

Осы жылдар ішінде қазақстандық жапон Жапонияға тоғыз рет барған. Бірақ, түбегейлі қалып қоймай Қазақстанға оралып отырған. Ол осы жерде отбасын құрып, балалы-шағалы болып отырғандықтан, ыстық дейді. Ол өзінің тағдыры туралы білетін Назарбаевқа да риза болған

Оқи отырыңыз:

Жанар Дұғалованың әнін орындаған бүлдіршін ғаламтор қолданушыларын таңқалдырды (видео)

Айша Бүркіттің сүйіктісімен айырылысуына себепші болғанын айтты

Неліктен көлікте міндетті түрде баланың сырт киімін шешу керек? (видео)

Тұрғындар ішінде мал бар деп ойлаған жыланның ішінен көптеген жұмыртқа шыққан (фото)

Талқылау