Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурылдағы қайтыс болған баланың ата-анасы өздеріне ұсынылған үйден бас тартқан

Сәуле Сейдахметова есімді желі қолданушысы Бурыл ауылында болған қайғылы жағдайдан кейін сол елге барғаны жайлы жазады. Ондағы халық тынышталып, күдікті ұсталып, отбасы басқа жаққа көшіп кеткенін жазған. Сондай-ақ, он бір жерінен пышақталып,оқиға орнында қайтыс болған баланың ата-анасы күдіктінің үйін алудан бас тартқаны жайлы жазады.

B76F3063-54CA-4CAE-96E6-860B26BED9B4_w974_n_s

«Мен жақында ғана Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылында болдым. Онда жақында ғана  жан түршігерлік оқиға болған еді. Сол баланың өлімінен кейін облыс әкімінің орынбасары  Ерқанат  Манжуовтың қатысуымен ауылдықтар тағы жиналған еді»,- деп жазады желі қолданушысы  Сәуле Сейдахметова.

« Асыска түрік  этно- мәдени орталығының» жетекшісі  Мухмутжон  Давришевтің айтуынша тура осы ауылда 2 мың бес жүз  түрік  ұлтының өкілі тұрады екен.

«Кәмелет жасқа толмаған қаскөйді қазіргі отбасы асырап алған. Сарыкемер көшесінде олардың үйлері бір-біріне қатарласа орналасқан. Олар көрші болып жақсы араласып тұрған. Ешқашан араларында ұрыс-жанжал болмаған. Ауыл халқы бір-бірімен тату тұрады, балалар бір мектептен білім алып, қариялар бір мешітке қатынайды. Болған жайтқа бәріміз таң қалдық»,-деген Махмутжон  Давришев.

Облыс әкімінің орынбасары жиында желіде тараған жалған ақпаратқа қатты ашуланғанын жеткізген.

« кімдер екені белгісіз, желіде Бурылда қырып-жою, көліктер мен үйлерді өртеу болып жатыр деп ақпарат таратқан. Сонда осындай жайт біреуге керек болып тұр ғой. Ия бірінші күні халық өз наразылығын айтып жиналған еді. Онымен жұмыс жасалды, қазір бәрі тыныш. Күдіктінің отбасынан басқа ешкім ауылдан көшіп кеткен жоқ. Олар 2008 жылы көшіп келген Қырғызстанға қайта кетті. Түрік диаспорасы олардың үйлерін қайтыс болған баланың отбасына берейік деген шешім қабылдады, бірақ олар баспанадан бас тартты. Мен кеше ғана сол үйде болдым. Баланың анасы екпе жасатып, жылап отыр. Әкесіне  де болған жайт қатты тиген. Олардың қасында жақын туыстары моральдық қолдау көрсетіп отыр»,-деген облыс әкімінің орынбасары.

Желі қолданушысы осы жайттың барлығын өзі көргенін айта келе ауылда  аудан депутаттары мен ақсақалдардан құралған топтың халықты тыныштандыру мақсатында жұмыс істеп жатқаны жайлы айтады.

Қайғылы жағдайдан кейін осы ауылдың тұрғындары қайғылы жағдайдан кейін жиналып,күдіктіні әділ жазалауды талап еткен еді.

 

Талқылау