Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл зообақта бәрі керісінше: адамдар торда, жануарлар бостандықта (фото)

Әрбіріміздің есімізде болар бала кезде хайуанаттар бағына барып, алғаш  рет мультфильм кейіпкерлерін тірідей көрген сәтіміз. Ең улы, ең қауіпті жануарларды көзбен сәтте әр қайсысына қатысты түрлі ойда болған шығарсыздар. Заманау хайуанаттар бағы  қазіргі балаларға бұрынғыдан да көп мүмкіндіктер береді.

жабайы6

 

жабайы1

Латын Америкасындағы  Ранкагуа қаласында Safari Lion Zoo хайуанаттар бағы жұмыс істейді. Ол жерде торда жануарлар емес, керісінше оларды тамашалауға келген адамдар отырады. Мұндай зообақтың мақсаты адамдар жануарларды айтарлықтай жаққыннан көріп, олардың табиғатына  сай қимыл-қозғалысын, мінезін бақылай алады.

жабайы

Арнайы тор жабылған көлікке жайғасқандар  арыстандарды  жақыннан көру мүмкіндігіне ие.

жабайы4
Қолдан жасалған жабайы табиғатта жүрген арыстан жаңа сойылған мал етінің исін сезген тұста жақындай бастайды. Арнайы көліктің үстіне секіріп шыққан жануар адамдарға жақын келіп, оларды анық тамашалай бастайды.

жабайы3

Жануарларды қоршау торы арқылы тамақтандыруға, қол тигізуге  тыйым салынған. Себебі Safari Lion Zoo хайуанаттар бағындағы жануарлар әдеттегіден еркін, олардың қандай сәтте қандай әрекетке барарын алдын ала болжау қиын. Бұл туралы зообақ қонақтарына  есік алдында міндетті түрде түсіндіріледі.

жабайы2

Талқылау