Бұл отбасындағы адамдардың әрқайсысының 12 саусағы бар (фото)

Сенбі, 19 Қараша , 2016 14:56

Бұл отбасы басқаларына қарағанда ерекше. Себебі, отбасының әр мүшесінің 12 саусағы бар. Иә, Чудхари отбасы мұны Жаратқанның сыйы әрі қарғысы деп біледі.

ad_226467031

Бұл туралы metro.co.uk басылымы хабарлайды.

“Мұны Жаратушының сыйы деп білемін. Бекерден бекер біздің әрқайсымыздың 12 саусағымыз болуы мүмкін емес. Бәлкім Құдай бізге бір нәрсе айтпақ болған болар”, – дейді Ситбиа Чудхари. Отбасында жалпы 25 адам бар. Олар Үндістанның Бихар аймағында тұрып жатыр.

Алайда бұл бойжеткеннің ағасы мүлдем басқаша ойлайды. Оған керісінше саусағының көп болғаны ұнамайды екен. “Әкем мен атамда 24 саусақтан бар. Қарындасымыз екеуімізде де дәл осылай. Осының салдарынан біздің бала-шағамыз жапа шегіп жатыр. Артық саусақ маған еш кедергі жасамайды.

ad_226467055

Алайда балаларым мен немерелерім өздерін жайсыз сезінеді. Кей жігіт пен қыз саусақ санына бола менің балаларыммен көңіл жарастырудан бас тартқан болатын”, – дейді 50 жастағы Кришна Чудхари.

ad_226467070

Отбасы мүшелері, әсіресе, аяқ киім сатып алатын кезде қатты қиналады екен. Кейбіреуінде полидактилия деп аталатын ауру бар. “Әрине, физикалық тұрғыдан артық саусаққа бола оларда қосымша қиындықтар болады. Бірақ, олар психологиялық тұрғыдан он есе қатты қиналады”, – дейді дерматолог Айш Гупта. Артық саусақты отаның көмегімен алдырып тастауға болады. Алайда отаның құны тым қымбат.


Жіберіп алмаңыз:

“Құбыжық” қызға жасалған ота сәтті өтті (фото)

62 жастағы миллионерге тұрмысқа шыққан 27 жастағы модель той суреттерін көрсетті (фото)

Төртеу және одан көп: Көп балалы қазақстандық танымал отбасылар (фото)

Бұл әйелдің тәнінде 1% май жоқ (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар