Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл әйелдің тәнінде 1% май жоқ (фото)

Америкалық культуризммен айналысушы әйел өзінің шынықтырылған денесін көрсетіп мақтанды. Әйелдің тәнін көргендер керісінше оның дене сымбатының қорқынышты екенін айтып жатыр. Нәзік жандылар қауымы, тіпті, денсаулығында бір кінәрат бар деп болжады.

шлш

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Әйел бұлшық еттерін жиырған кезде, олардың көлемі екі есе ұлғаяды. БАҚ өкілдері мұның денсаулыққа аса қауіпті екенін жарыса жазып жатыр. Ал оқырмандардың бірі жақтаса, екіншілері даттауда.

гогого

Бодибилдердің алғашқы видеосы LiveLeak желісіне жүктелген. Аталған видеоға “Ойыннан өрт шығады” деген тақырып қойылған екен. “Мұндай тәнге ие болу үшін тәртіп пен табандылық қажет. Бірақ майдың да өз орны барын ұмытпағанымыз жөн” деп жазады желі қолданушыларының бірі. Енді бірі мұны шектен шыққандық деп бағаласа, екіншілері оның жеке өміріне араласпауға кеңес беріп жатты.

3A4B1D8900000578-3929756-image-m-57_1478956977520

Дәрігерлердің айтуынша, 20-39 жастағы адамдардың ағзасының 21-33%-ы майдан құралуы тиіс. Ал бұл әйелдің тәнінде 1% май жоқ. Құрметті оқырман, сіздің әйелдің әрекетіне деген көзқарасыңыз қандай? Пікіріңізді бөлісе отырыңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Бір топ құсқа соқтығысқан ұшақтың қозғалтқышы істен шықты (фото)

Ақ үйдің фотографы Обаманың қарапайымдылығын паш ететін суреттерді жариялады (фото)

Адам денесіне салынған сәтсіз татуировкалар (фото)

Британиялық әйел баласын 8 жасқа дейін емізбек (фото, видео)

Талқылау