Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл менің мүмкіндігім: Головкин “Канеломен” қарымта кездесуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альвареспен алдағы қарымта кездесуіне қатысты пікір білдірді.

Геннадий Головкин

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Геннадий Головкиннің сөзінше, ол «Канеломен» алғашқы жекпе-жектен көп нәрсені үйренген. Сол себепті әдіс-тәсілін өзгертуді ұйғарыпты.

Өз сөзінде қазақстандық спортшы Альвареспен бірінші жекпе-жегіндегі төрешілердің шешіміне қарамастан, өзін жеңімпаз санайтынын айтты. Ал 15 қыркүйекте өтетін реваншта көрермендер керемет жекпе-жекке куә болады деп уәде етті.

«Мен үлкен шоу сыйлағым келеді. Бұл менің мүмкіндігім. Екінші кездесудің өткізілгені тарих, бокс, фанаттар мен рекорд үшін маңызды. Мен мұны жалғастырғым келеді», – дейді Головкин.

Сонымен қатар Геннадий Головкин қарымта кездесуде төрешілер әділ баға береді деп үміттенетінін жеткізіп, қарсыласына сәттілік тіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау