Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұдан былай жазасын өтегендерге «сотталмаған» деген анықтама беріледі

Бұдан былай бұрын істі болған азаматтан жазасын өтеп келгеннен кейін оның сотталғандығы туралы мәлімет алынып тасталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24166681

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Атырау облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев мұның себебін түсіндірді.

Қылмысы туралы мәліметті жою үшін тиісті жазасын өтеген азамат жеке куәлігімен халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек. Онда өтінішін толтырып, 3 минут ішінде соттылығы жоқ туралы анықтама құжат ала алады.

“Кейбір мекемелер азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде олардан сотталмағандығы туралы анықтама әкелуді талап етеді. Бұл бұрын соттылығы болған азаматтардың наразылығын тудырып келген еді. Азаматтардың құқын қорғау мақсатында осы мәселе Бас прокуратурада қаралды. «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 13-бабына сәйкес, стандартты түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап үш айдың ішінде бекітіледі”, – деді басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев.

2017 жылдың 2-тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соттылықтары жойылған немесе алынып тасталған азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен алуына болады.

Жіберіп алмаңыз:

Жалаңаштар бассейні: Алматыдағы “Арасан” моншасы мұсылмандарға арналмаған ба?

Биыл қазақстандық автокөліктер қымбаттайды

Апаттан көз жұмған бағдарламашы жігіттің қабіріне iPhone-құлпытас қойылды

Талқылау