Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брюссельде терактіні ұйымдастырғандардың аты-жөні белгілі болды

Брюссельде терактіні ұйымдастырды деп айыпталған күдіктілердің аты-жөні белгілі болды.

151121151921_brussels_624x351_reuters_nocredit

Бұл туралы “Ресей жаңалықтары” хабарлады.

Брюссель әуежайында ағайынды Ибрагим мен Калим әл Бакрауилер өздерін жарып жіберген. Мұнымен қатар, Бельгия ІІМ басшысы Ян Ямбонның Брюссельдегі терактіні Париждегі 2015 жылдың қарашасындағы терактілер бойынша күдікті Салах Абдесламның қамалуымен байланыстырмайтыны хабарланды.

Абдесламды іздестіру жұмыстары төрт айға жалғасты. Парижде 13 қарашада болған терактілерге қатысы бар делінген ол және тағы төрт күдікті Брюссельдегі Моленбек коммунасында ұсталған.

22 наурыз таңғы уақытта Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Бельгия билігі жарылғыш заттардың бірін өлімші лаңкес іске қосқан болуы мүмкін деп есептейді. Үшінші жарылыс Мальбек метро станциясындағы вагонда болған. Кей дерекке сүйенсек, 34 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам зардап шеккені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Бельгия терактісіне қатысы бар деген күдіктілердің суретін жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау