Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брюссельде мектептер мен метролар әлі жабық

Бельгия астанасында антитеррорлық шараларды  пысықтау үшін мектептер мен метролар жабық күйінде болады,-  деп хабарлаған елдің үкімет басшысы Шарль Мишель.

Сонымен қоса үкімет басшысы демалыс күні айтқан сөзінде  « Біз терактінің алын алып,қорғану шараларын жүргізудеміз. Лаңкестер   халық көп жиналатын орынды мақсат етіп алады.-деген Бельгия премьері.

Брюссель Париж оқиғасынан кейін қауіптің алдын алуға  бірден кірісті. Олар өз халқын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда. Әрі сондай жағдай болып қалғанның өзінде  қатты шошынбай белгілі талаптарды орындауға үйретуде.

Елдің басқа аймақтарында антитеррорлық шаралардың  үшінші сатысы сақталған.

Брюсселде халық көп жиналатын орындардың барлығы да қазір жабық. Кинотеатрлар мен концерт залдары, мұражай, барлық кештер мен мерекелік жиындар тоқтатылған.

Тіпті  онда  сауда үйлерін жабуды ұсынғандар да болған. Кешке халық көп жиналатын кафе, ресторандар қараңғы түсісімен жұмысын тоқтатуын  талап ету ұсынылған.

19 қараша күні  Бельгияда  париж оқиғасына қатысы бар деген 9 күдікті ұсталған еді. Ал 16 қараша күні  Моленбек ауданында жүргізілген тексеру операциясы кезінде әйел адам күдікке ілінген. Бірақ, ол күдіктен ешқандай  әрекет  немесе қорытынды шықпаған. 20 қараша күні  Бельгия прокуратурасы  ұсталғандардың бірі Париж оқиғасына қатысы бар деген айып таққан еді.

Соңғы ақпараттар бойынша бүгін Брюссельде  Париждегі лаңкестікке күдікті ретінде 16 адам ұсталған.  Олардың арасында негізгі күдікті Салаха Абдеслама жоқ болып шыққан. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Талқылау