Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Брэд Питтпен ажырасқан Анджелина Джоли тұрмысқа шықпақ

Шетелдік басылымдар танымал голливуд жұлдызы Анджелина Джолидің тұрмысқа шығатынын жарыса жазуда. Брэд Питті тастап кеткен көпбалалы ананың жаңа сүйіктісі де белгілі болды.

9b01034216d3fbae854cedf9058b6727_fitted_740x700

InTouch Weekly басылымының жазуынша, Анджелина 40 жастағы британдық кәсіпкер әрі филантроппен көңіл қосқан. Белгісіз себептермен кәсіпкердің аты-жөні хабарланбаған.

Актрисаның таныстары Анджелинаның кәсіпкермен Лондон қаласында өткен көңілді кештердің бірінде танысқанын айтқан. Тағы бір нұсқа бойынша, Анджелина жаңа сүйіктісін БҰҰ-ның бір іс-шарасында жолықтырған.

Қазіргі уақытта ғашықтар Анджелинаның Брэдпен заңды түрде ажырасуын күтіп жүрген көрінеді.

Ел арасында Анджелина Джоли мен британдық кәсіпкердің тойына қызу дайындық жүріп жатқаны туралы да әңгіме тараған. Бірнеше аптадан кейін Джолидің жаңа жігіті Лос-Анджелеске атбасын бұрып, актрисаның балаларымен танысатын көрінеді.

Әрине, Брэд мұндай жаңалықты күтпеді.

«Ол той түгілі, Анджелинаның біреумен көңіл қосуы мүмкіндігін ойламады», – дейді басылымға сұхбат берген дереккөз.

Оның айтуынша, Брэд балалары үшін алаңдаулы екен.

«Басқа ер адам оның балаларымен уақыт өткізуі мүмкін деген ойдың өзі Брэдке ауыр соққы», – дейді дереккөз.

Бір қызығы, Джоли мен Питтің басқа достары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ал жуырда заңды түрде ажырасатын голливудтық «жұптың» өзі жеке өмірлерін құпияда сақтауда.

Айтпақшы, бірнеше күн бұрын Джолидің 25 миллион долларға зәулім үй сатып алғаны анықталды. Дәл осы үйде актриса жаңа сүйіктісімен отау құруы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыздарға тұсау кестіру қанша тұрады?

Ернар Айдар әлі ес-түссіз жатыр

Нұртас Айдарбеков келіншегінің туған күнінде немересін көрсетті ме? (фото)

Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)

Талқылау