Брэд Питтке қатысты балаларына қатігездікпен қарағаны үшін іс қозғалды
Актер Брэд Питт балаларына аяусыз қарағаны үшін айыпталып жатыр.
TMZ басылымынің мәліметінше, әртіс ұшақ бортында жанжал шығарып, балаларының бірін ұрып жіберген. Оның баласын қалай ұрғаны айтылған жоқ.
Ұшақ жерге қонған соң да жанжал үдей түсіпті. Актер ұшу аймағынан тыйым салынған өзге аумаққа кіруге ұмтылған.
Сотта олардың балаларынан да жауап алынады. Питтің жақындары оның бұл әрекеттерін теріске шығарғанын айтқан. Басылым осы оқиғаның екі жұлдыздың ажырасуына себеп болғанын жазуда.
Бұған дейін екі жұлдыздың ажырасатынын, Джолидің 6 баланы өз қамқорлығына алуды сұрағаны хабарланған. Брэд Питт Анджелинамен ажырасатынына қайғыратынын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Той иелері Мақпал Жүнісованы тақырға отырғызып кетті
Әлішер Кәрімов соңғы рет 11 сыныпта ғашық болған
Жұрт Кентал мен Санданың орындауындағы әнді «Алло»-ның көшірмесі деп сынады (видео)

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
