Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хакерлер Брэд Питтің қайтыс болғаны жайлы жалған ақпарат таратып вирустар жіберуде

Голливуд жұлдызы Брэд Питтің қайтыс болғаны туралы ақпарат интернет желісінде тарап үлгерген.

pitt6

Фото: ntv.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Әртістің миллиондаған “фанатын” елең еткізер жаңалық FOX News телеарнасының атынан таралып жатыр. Егер кімде-кім сілтеме арқылы өтсе, онда алдымен құпия сөзді өзгертіп, кейін бірден антивирусты іске қосқан жөн, деп кеңес береді Facebook.

Егер фейсбукте жарияланған жаңалықты оқыңыз келіп, сілтемені бассаңыз, онда гаджет, смартфон немесе компьютеріңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін, деп ескертеді TMZ. Питтің бақилық болғаны туралы ақпаратқа вирус “жасырылған”.  Осылайша, хакерлер Анджелина Джоли мен Брэд Питтің ажырасуын өз пайдасына асыруды көздеген.

Қаралы хабар жариялаған хакерлер осылайша смартфондар мен компьютерлерге вирус таратып жатқан көрінеді.

Оқи отырыңыздар:

Перуде үндістер дуамен айналысқан әйелді тірідей өртеп жіберді

Дәрігерлер кеудесін бамбук тесіп өтуге шақ қалған азаматты құтқарып қалды

Үндістанда 15 долларға саудаланған оқушы қыз құлдықтан қашып құтылды

Ресейде жалаңаш балалар суреті қойылған көрмеге қатысты жанжал туды

Талқылау