Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бритни Спирс көгерген аяғын көрсетті

Америкалық поп-жұлдыз Бритни Спирс Инстаграм әлеуметтік желісіне өзінің көгерген аяғының суреттерін салды. Әртіс, жарақатты жаңа шоуда жұмыс істеп жатып алып қалғанын жариялаған.

Someone jokingly asked me what the hell I did yesterday… check out my bruises that’s what I did! Working hard on the new show! Get ready!!

Фото опубликовано Britney Spears (@britneyspears)

«Біреу менен әзілдеп сұрады: «сен кеше не істеп қойғансың?» деп. Аяғымның көгергенін байқап, немен айналысқанымды болжауға болатын шығар. Жаңа шоу-концерттің дайындық жұмыстары кезінде жүгіріп жүріп көгертіп алдым», – деп жазды Спирс.

Әнші 2013 жылдан бастап Лас-Вегастағы The AXIS алаңында кең көлемді таныстырылым концерт беріп келеді. Негізінен поп-орындаушылардың 20 композициясы таныстырылады.

Бритни Спирстың 1999 жылы Baby One More Time альбомы шыққаннан кейін атағы аспандады. Ол кезде әнші 17 жаста еді. Oops!… I Did It Again атты екінші еңбегі де бір жылдан соң жарық көріп, оның әлемдік деңгейдегі жұлдыз статусын одан әрі бекіте түсті. Toxic шығармасы үшін ол «Грэмми» статуэткасына қол жеткізді. Соңғы, сегізінші альбомы 2013 жылдың қараша айында шыққан болатын.

Талқылау