Британиялық компания иттерге арналған теледидар пультін шығарды

Жұма, 8 Шілде , 2016 12:57

Әдетте үй иелері есікті сырттан кілттеп үй жануарларын жалғыз қалдырып кете береді. Британ ғалымдарының ашқан жаңалығы бойынша енді үйде қалған ит зерікпей, теледидар көріп отыра алады.

1467825140_britanskaya-kompaniya-sozdaet-pervyy-v-mire-pult-ot-televizora-dlya-sobak-1

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Британиялық иттерге арналған тамақ өндіруші компания арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізген. Онда 91 пайыз сауалнамаға қатысушы адамның итімен бірге отырып теледидар қарайтыны анықталған. Бұл көрсеткішке ынталанған компания иттерге арналған теледидар пультін шығаруға кірісіп кеткен.

1467825190_britanskaya-kompaniya-sozdaet-pervyy-v-mire-pult-ot-televizora-dlya-sobak-2

Жаңа құрылғы берік әрі су өткізбейтін пластик материалдан жасалған. Оны пайдалану арқылы иттер канал ауыстырып теледидар көре алады. Пультте үш батырма бар: Қосу/сөндіру, каналдарды қайта қосу және тоқтатып қою.

1467825214_britanskaya-kompaniya-sozdaet-pervyy-v-mire-pult-ot-televizora-dlya-sobak-3

“Біз заманауи технологиялар мен жануарларды қалай байланыстырамыз деп ұзақ ойландық. Сауалнама нәтижесін пайдалана отырып, мұндай пульттің иттердің өмірі үшін қажет екендігіне көз жеткіздік. Енді үй иелері иттерді үйге тастап еркін жұмысқа кете алады”, – дейді компания баспасөз хатшысы Дэн Ривз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ой биздин иттерге бармайт ол далада журген иттерго))

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар