Британиялық әйел иттерін үйлендіріп, 2 жарым мың долларға той жасап берді
Британдық әйел өзінің екі итін үйлендіріп, 2000 фунт стерлинг қаражатын жұмсап той жасаған.
Сурет: Mirror
Әйелдің иттерді жақсы көретіні соншалық, ол үйлену тойына қаражатын аямай, тойды барлық дәстүр бойынша атап өткен.
Ол қалыңдық итке көйлек, күйеу итке смокинг кигізген. Тойға арнайы торт жасатып, әшекейлер алған. Элвис және Белла атты екі иттің Белвис атты күшіктері де бар екен.
Жіберіп алмаңыз:
Мысықтан қатты қорқатын ит құлаққаппен әуен тыңдап, сериалдар көргенді ұнатады
Британиялық компания иттерге арналған теледидар пультін шығарды
Талқылау