Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық әнші Адель 2015 жылдың ең табысты орындаушысы атанды

Әлемге танымал әнші Адель Халықаралық граммжазбалар федерациясының (IFPI) нұсқасы бойынша өткен жылдың ең табысты орындаушысы атанды. Бұл туралы The Guardian газеті хабарлады.

68-Adel-pevica-pesni-foto

Екінші орын Ұлыбритания орындаушысы Эд Ширанға берілді. Үшінші орынға өткен жылғы рейтингте көш бастаған Тейлор Свифт тұрақтады.

Аталған ұйымның жыл сайынғы рейтингісіне іріктеуде – аудиожазбалар сатылымының жалпы көлемі, сондай-ақ негізгі стриминг-қызметтердегі тыңдаулардың саны ескеріледі.
Өткен жылы Адельдің есімі бірден бірнеше рекордпен байланысты болды.

22 қазанда жарияланған оның «Hello» әні 12 сағаттың ішінде 85 елдің iTunes чарттарында бірінші орынға көтерілді, туындының бейнебаяны небәрі 87 күннің ішінде Youtube видеохостингінде 1 миллиард рет қаралды.

Талқылау