Британ мұражайына қойылған 1900-ші жылғы қазақ мәсісі шетелдіктерді таңғалдырды (фото)

Сейсенбі, 29 Желтоқсан , 2015 10:07

Британ мұражайы 25-ке жуық ислам әлеміне тиесілі көне етіктерді ел назарына салды. Олардың ішінде шебер жасалған 1900-ші жылғы қазақ мәсісі шетелдіктерді қатты таңырқатқан.

мәсіііі

“Қазақстанның Балқаш көлі маңында жасалған 1900-ші жылғы мәсі. Ер кісілер мен әйелдерге арналған мәсі теріден жасалып, ою-өрнектермен безендірілген. Өрнектер табиғатты, қой, мысық секілді жануарларды суреттейді.

Бұдан өзге Солтүсік Африка, Түркия, Таяу Шығыс, Иран, Орталық және Оңтүстік Азияның көне етіктерін де тамашалай аласыз. Бұл жәдігерлер 1800 жылдан бастап осы өңірлерде адам таңғаларлық техника мен материалдардың бай үлгілерін қолдана отырып, туындылар жасауға бейім болғанын аңғартады”, – деп жазылған мұражайдың желідегі ресми парақшасында.

Қазақ мәсісін көрген шетелдіктер оны қазір де қуана киюден бас тартпайтынын, аяқ киім көздің жауын алатындай керемет жасалғанын айтып, таңданыстарын желіде жарыса жазған.

Бұл туралы nur.kz сайты хабарлайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар