“Бригада” телехикаясының жұлдызы Ақтөбедегі қойылымнан кейін төбелесіп қалған фанаттарын ажыратып алды (видео)

Ақтөбедегі Тахауи Ахтанов атындағы драма театрында «Балауса» халықаралық экспериментальді қойылымдар фестивалі аясында ресейлік актер Дмитрий Дюжев «Евгений Онегин» қойылымына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz.

Дмитрий Дюжев

Қойылымнан кейін театр және кино жұлдызы бір-бірімен төбелесіп қалған көрермендерді ажыратуға мәжбүр болды. Бұл туралы «Бригада» телехикаясының жұлдызы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазақ көрермендеріне алғыс білдіремін. Залда халықаралық труппадағы әріптестерім отырды. Кәсіби көрермендер жауапкершілікті талап етеді, әрі бұл өте жеңіл. Қойылымнан кейін сахна сыртында екі көрермен төбелесіп қалды. Біреуі екіншісін кемсіткен екен. Мен оларды ажыратып, бірге суретке түстік. Жалпы, бәрі бақытты», – дейді Дюжев.

Десе де көрермендер арасындағы төбелес видеоға түсіп қалыпты. Видео кадрларынан ашулы ер адамдардың төбелесіп жатқанын көруге болады. Ролик авторының сөзінше, әртістің табынушылары сахна сыртына өтіп кетіп, күзетшімен сөзге келіп қалған.

Балауса 2018 халықаралық эксперименталды театрлар фестиваліне ресейлік актер арнайы келген болатын.

Фестивальдің қорытынждысы төмендегідей болды:

Ең Үздік дебют –  Ш.Айтматовтың “Ана жер ана” қойылымындағы Әлиман рөлі үшін Дамира Иса марапатталды. Алматы мемлекеттік қуыршақ театры.

“Кәсіби шеберлігі үшін”  “Отпусти поводья и лети” қойылымымен “Алақай” қуыршақ театры марапатталды

“Екінші пландағы  үздік ер адам бейнесі” Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының әртісі В. Кенжібаев “Черная бурка” қойылымындағы  Көкжал рөлі үшін марапатталды.

“Екінші пландағы үздік әйел бейнесі” П.С.Пушкин атындағы Орск драма театрының әртісі Т.Потерява “Меня нет”  қойылымы үшін марапатталды.

“Ең үздік ер адам бейнесі” “28 thetre ” театрынң  әртісі Азамат Сатыбалды “Войцек” қойылымындағы Войцек рөлі үшін марапатталды

“Ең үздік әйел адам бейнесі ” “А.И.” театрының әртісі Айнұр Бермузамедова “Федра” қойылымындағы Федра рөлі үшін марапатталады.

“Ең үздік режиссура” “Войцек” қойылым үшін Дина Жумабаева марапатталды

“Ең үздік спектакль” Ғ.Мүсірепов атындағы балалармен жасөспірімдер театры “Шыңырау ” спектаклі үшін марапатталды.

 

Оқи отырыңыз:

Астаналық жас актер ресейлік киножұлдыздың фильмінде басты рөл сомдады (фото)

Димаш Құдайберген Қытайдағы I am singer жобасында тағы да өнер көрсетті (видео)

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы астаналық оқушылар арасында ең ақылды болып шықты

Айсәуле Бақытбек: Кей екіжүзді адамдар желіде орамал таққан суретін жариялап, шелпек әзірлегенін жазады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар