Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы астаналық оқушылар арасында ең ақылды болып шықты

Астанада Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы ең ақылды оқушылардың бірі ретінде мойындалды, деп хабарлайды «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы астаналық оқушылар арасында ең ақылды боллып шықты

«13 сәуірде «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы жастар арасында IQ START зияткерлік тестін өткізді. Тестілеуге Астананың 84 мектебінен 400-ден аса оқушы қатысты. Олардың ішінде 7 адам үздік нәтиже көрсетті. Олардың қатарында танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов пен әнші Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов бар», – деп хабарлады «Жас Отан» баспасөз қызметі.

Айта кетсек, тестілеуге елордалық мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Өз кезегінде Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Продюсердің айтуынша, бұл ұлының алғашқы сертификаты екен.

«Ұлымыздың «Жас Отаннан» алған алғашқы сертификаты», – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Оқи отырыңыз:

Төреғали Төреәлі үшінші қыздың әкесі атанды

Ең қымбат әнші Қайрат Нұртас: Қазақстандық әншілер бір тойдан қанша ақша алады

Жанболат пен Жазира балалы болуға ниеттеніп жүргендерін айтты

Тележүргізуші: Өмірдегі Сәуле ұнамай жатса, экрандағыдай Ақжүніс болуға міндетті емеспін

Талқылау