Бразилиялық егіздер Риодағы жанкүйерлерін бірге түскен суреттерімен еліктіруде (фото)

Жұма, 19 Тамыз , 2016 18:15

Биа және Бранка Ферес есімді егіз қыздар мәнерлеп жүзуден олимпиада ойындарында Бразилияның намысын қорғайды. Олар не істесе де бірге істейді және бірге түскен суреттерін Инстаграм желісіне үзбей салып тұрады. Бір кездері егіздер кеуделеріне имплантант орнатпақ болғанда телеарнаға да шыққан. Ал дәл қазір олар олимпиада алтынынан үмітті.

brazil-head
Биа мен Бранка екеуінің апалы-сіңлілі болуы оларға көмегін тигізеді деп үміттенеді. Жақында олар мәнерлеп жүзуден финалдық сайыста өнер көрсетпек. Бірақ 28 жастағы егіздердің Бразилияда танымал болғандары соншалық, олимпиада жүлдесін еншілемесе де, олардың жұмыссыз қалмайтындары анық. Қазірдің өзінде екі қызға модельдік агенттіктер мен телеарналардан бірнеше ұсыныс түсіп отыр.

Алайда қыздар атақ пен танымалдылыққа бірден ие бола салған жоқ. Ел назарын егіздер Инстаграмға үнемі қызықты суреттер салып тұру арқылы аудартты. Ол суреттерде апалы-сіңлілі қыздар жаттығу залында, бассейнде, тіпті, төсекте де бірге ұйықтайтындарын көрсеткен.

Сонымен қатар, қыздар әртүрлі телевизиялық шоуларға қатысатын болды. Бразилиялықтар қос қыздың кеуделеріне имплантант орнатайын деп жатқанын естігенде тіпті дүрлікті. Биа мен Бранка уақыттарының тығыз  болғанына қарамастан, олимпиада ойындарына дайындалуды да ұмытқан жоқ.

Финалдық сайыста бразилиялық қыздар ресейлік спортшылармен жарысады.

2008 жылы Биа мен Бианка Пекинге бара алмады. Себебі іріктеуден басқа жұп өткен еді. Үш жылдан кейін спорттан кетуге бел байлаған қыздар модельдікпен айналысуды ұйғарады. Сол себепті де Лондон-2012 олимпиадасына да олар қатыспады. Алайда өз елдерінде өтетін олимпиадаға дейін қыздар жаттығып, бақтарын сынап көруді шешті.

Жіберіп алмаңыз:

Адамды шынайылығымен таң қалдыратын гримерлік образдар (фото)

Австралиялық жүкті әйел пилонда билеп жұртты шошытты (Фото)

Үндістан жайлы көпшілік біле бермейтін, қызықты 10 мәлімет (Фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар