Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен сүйіктісін суицидтен құтқарамын деп өзі ажал құшты

23 жастағы Корин Хейс сүйіктісін суицидтен құтқарамын деп ажал құшты. Жігіт өзіне қол салатындығын айтқан соң, Корин “онда мен де өлемін” деп қорқытқан. Алайда шын мәнінде өмірмен қош айтысуды көздемеген қыз тек жігітті райынан қайтарамын деп ойлапты.

Бұл туралы ағылшын басылымы Metro-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Егер өзіңізге қол салсаңыз, мен де өлемін. Арғы дүниеде кездесеміз”, – бұл Кориннің Брайанға жазған хаты.

Ол сүйіктім мені дер кезінде тауып алады деп үміттенген. Алайда 33 жастағы Брайан Маршал хабарламаны кеш алған.

Үш баланың кіндік шешесі атанған Корин 10 маусым күні өлі күйінде табылды.

Корин өзіне қол салған сәтте Брайан патилердің бірінде көңіл көтеріп жүрген. Ол, тіпті сүйіктісінің өзіне қол салатынын білмеген. Тек таңға жуық келгенде қыздың мүрдесін анықтаған.

Заң қызметкерлерінің болжамынша, Корин өзіне қол жұмсағысы келмеген. Бар болғаны, Брайанды райынан қайтару үшін оны қорқытпақ болған. Себебі анасының айтуынша, Корин әркез көңілді жүретін әрі өмірге позитивпен қарайтын.

Жіберіп алмаңыз:

Қызғаншақ жігіт өзге еркектермен сөйлескені үшін сүйіктісін көшеде тыржалаңаш жүргізіп қойды

30 жастағы мұсылман азаматы екі жыл ішінде 26 мың әйелге көмек көрсеткен

Әйеліне акула шабуыл жасаған сәтін күйеуі видеоға түсіріп алды (видео)

7 жыл алынбаған тырнақ қалай көрінеді (видео)


Талқылау