Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бос мейрамханаға заңсыз кірмекші болған азамат құбырға қысылып, екі күн бойы шыға алмай жатты

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Лоренцо қаласында ер адам мейрамханаың желдеткіш құбырына қысылып қалып, екі күн бойы шыға алмай жатқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бос мейрамханаға заңсыз кірмекші болған азамат құбырға қысылып, екі күн бойы шыға алмай жатты

Ол сол жермен өтіп бара жатып, оның даусын естіп қалған адамның арқасында құтқарылып, аман қалды. Ер адам бос тұрған қытай мейрамханасынан көмек сұрап жалбарынған, ақырын дауысты естіп, бірден құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген полицейлер мен өрт сөндірушілер дауыстың шатырдан ас үйге әкелетін металл желдеткіштің құбырынан шығып тұрғанын анықтады.

Сөйтсе, құбырдың ішіне 29 жастағы ер адам қысылып, шыға алмай қалған екен. Оның үсті-басы май-май болғаны сонша, бет-әлпетін көру мүмкін болмады. Ол құбырдың іші тар болғандықтан және аузы құрғап, сусырағандықтан қозғала алмай, сонда қысылып қалған. Тіпті, оны өрт сөндірушілердің өзі бір сағатқа жуық уақыттың ішінде әрең шығарып алды. Содан кейін жәбірленуші жедел түрде жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Бірақ, оның неліктен құбырға көтерілгені белгісіз. Полиция қызметкерлері оны ғимаратқа заңсыз кірмекші болған деп пайымдауда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау