Болат Өтемұратовтың байлығы Қазақстанды неше күн қаржыландыра алады

Сәрсенбі, 14 Ақпан , 2018 17:31

Ең бай қазақстандық Болат Өтемұратовтың байлығы Қазақстанды 33 күнін қаржыландыруға жетеді. Bloomberg басылымы 49 елдің миллиардерінің ақшасы қанша күнге жететінін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Басылым 2018 жылғы Робина Гуд Индексін жариялады.

Индекс әр түрлі елдің миллиардерлері мемлекеттік бюджеттің шығындарын жабуға қаншалықты мүмкіндігі жететінін бағалайды.

Тізімге 49 елдің 49 байы адамы енді. Олигархтардың 4-і әйелдер. Олар: Ангола, Австралия, Чили және Нидерландия.

Болат Өтемұратов 3,3 млрд. доллар ақшасымен Қазақстанның 1 ай 3 күнгі шығындарын өтеп, билік құрылымдарының жұмыстарын қамтамасыз ете алар еді.

Мемлекет олардың байлығын неше күнде жұмсап бітіреді

Қытай – Джек Ма (45,5 млрд доллар) – 4 күн;

АҚШ – Джефф Безос (99 млрд доллар) – 5 күн;

Ресей – Алексей Мордашов (19,7 млрд доллар) – 14 күн;

Қазақстан – Болат Өтемұратов (3,3 млрд доллар) – 33 күн;

Кипр – Джон Фредриксен (10,4 млрд доллар) – 441 күн.

Қытайдың ең бай адамы аталатын Джек Маның ақшасы 4 күнде бітеді. Байлығы өз елін қамтамасыз етуге ең ұзақ жететін – Кипрдің миллиардері Джон Фредриксен. Оның 10,4 млрд.доллар байлығы 441 күн (1 жыл 2,5 ай) Кипрді қаржыландыруға жетеді.

Тағы оқыңыз:

Бір рет қолданылатын жаға өндіруге 14 миллион теңге бөлінді

Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қазақстанда дағдарыстың аяқталғанын мәлімдеді 

Қазақстанда ипотека бағасы арзандауы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар