Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақта базалық зейнетақы алынып тасталады

Болашақта базалық зейнетақы алынып тасталатыны жайлы “Егемен Қазақстан” газетінде дәстүрлі түрде жарияланатын Ұлттық Банктің “Ұлттық банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді” айдарымен берілген сұхбатта ҰБ төрағасының орынбасары Дина Ғалиева мәлімдеді.

26ccb1c44c526302cf9614489d8

– Дина Төлеубекқызы, соңғы уақытта қоғам Қазақстанның зейнетақы жүйесіне едәуір назар аударып отыр. Бұл жағдай тү­сінікті де, себебі бұл мәселе бар­л­ық қазақстандықтарға қа­тысты. Қазақстанның зейнет­ақы жүйе­сінің бүгінгі жай-күйін және даму перспективаларын қалай бағалайсыз?

– 1998 жылы басталған рефор­ма­лардың нәтижесінде Қазақстанда түрлі қаржы көздерінен зейнетақы төлемдерін көздейтін зейнетақымен қамсыздандырудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасты. Ортақ және базалық зейнетақылар мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бірыңғай жи­нақ­таушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) төлемдерді міндетті, мін­детті кәсіптік және ерікті зей­нетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақ­та­рынан төлейді. Болашақта 2030 жылдан бастап базалық зей­нет­ақы­ның орнына бюджеттен ең аз кепілдік берілген зейнетақыны енгізу болжанып отыр, ал 2026 жылдан бастап жаңа шартты-жи­нақ­­таушы құрауыштан алғашқы тө­лемдер басталады, ол құрауыш жұ­мыс берушілердің БЖЗҚ-ға өзі­нің әрбір қызметкері үшін ен­гізетін 5 пайыздық міндетті зей­нетақы жар­налары есебінен қалып­тас­тырылатын болады.

Осылайша, бүгінгі күні біздің зейнетақы жүйеміз: 1) ортақ, 2) жинақтаушы және 3) шартты-жинақтаушы құрауыштардан тұрады. Зейнетақы төлемдерінің көздерін осылайша әртараптандыру зейнетақы жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді және бір құрауыштың кемшіліктерін екінші құрауыштың артықшылықтары есебінен икемдеу­ге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, зейнетақымен қамсыздандырудың бірнеше құрауыштарын пайдалану жоғалған жалақының орнын ауыс­тыру коэффициентін (зейнетақы мөлшерінің салымшының еңбек қызметі кезеңінде алған кірістердің деңгейіне қатынасы) 40 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге мүм­кін­дік береді, бұл халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес келеді.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту­дың негізгі мақсаты осы көп деңгейлі жүй­ені дамыту болып табылады, ол орнықты әрі зейнетақының барабар мөлшерін алуға мүмкіндік береді. Мемлекет зейнетақының базалық деңгейі, зейнетақы жинақ­та­рының сақталуына кепілдік береді және БЖЗҚ қызметіне өзіне жауапкершілік алады. Алайда, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы және толық аударуға және қызметкердің шарт­ты-жинақтаушы шоттарын толықтыруға жауапкершілігі жұмыс берушіге де, сондай-ақ, әрбір салымшыға, яғни әрқайсымызға тиесілі. Ерікті зейнетақы жарналарын дамыту – жүйені дамытудың маңызды бағыты. Есептеуге сәйкес, тұрақты негізде жүргізілетін ең аз ерікті жарнаның өзі зейнетақы жинақтарын айтарлықтай ұлғайтуға мүм­кіндік береді. Өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жар­на­ларының сомалары зейнетақы шо­тына аударылған кезде салық са­лу­дан босатылады.

Қазақстанның зейнетақы жүйе­сі­нің ағымдағы үлгісін бағалай отырып, оның озық халықаралық прак­ти­каға сәйкес келетінін сеніммен айтуға болады. Қазақстан зейнетақы жүйесін реформалаған кезде Шве­ция, Германия, Норвегия, Чили жә­не басқа елдердің тәжірибесін пай­даланды, ол елдерде жаңа жи­нақ­­таушы құрауыштарды енгізу қа­жеттілігі туындаған болатын.

Бүгінгі күні Қазақстанда салым­шы­лардың 10 миллионнан астам же­ке зейнетақы шоттары бар, олар­да 6,9 трлн теңге зейнетақы жи­нақтары жинақталған. Міндетті зей­­­нетақы жарналарының есебінен қа­лыптастырылған зейнетақы жи­нақ­тарының орташа көлемі 727 мың теңгені құрайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істегеннен бастап зейнетақы төлемдерінің көлемі 900 млрд теңгеден асты. Зей­нетақы жинақтарының сома­сын­дағы «таза» инвестициялық кіріс үлесі шамамен 20 пайызды құ­райды.

Зейнетақы жүйесінің көп дең­гей­лі үлгісі табысты жұмыс істеуде жә­не жасалған таңдаудың дұрыс екен­­дігін растады. Сондықтан, зей­нетақымен қамсыздандырудың қол­даныстағы қағидаттарын сақтау ғана емес, сол сияқты оларды одан әрі дамыту да маңызды.

– Осыған дейін зейнетақы жүйесінің реформаланатыны, атап айтқанда, нарыққа жеке бас­қару­шы компанияларды жіберу ар­қы­лы реформаланатыны туралы ха­бар­ланған болатын. Осы реформаны дайындау қандай сатыда?

– Ұлттық банк қолданыстағы заң­наманың нормаларына тү­зетулер дайындады, онда зей­нет­­ақы активтерінің бөлігін салым­шы­ның таңдауы бойынша жеке – қазақстандық және шетелдік – бас­қарушы компанияларға беру мүмкіндігі көзделеді. Зейнетақы активтерін басқаруды басым түрде жеке басқарушы компания жүзеге асыратыны болжанып отыр. Бәсекелес ортада жұмыс істеу басқарушылардан одан да көп инвестициялық кіріс алуды талап етеді, себебі, кірістілік деңгейі және қаржы құралдарының сапасы олардың бәсекелес басым­дықтары болып табылады. Зейнетақы активтерін инвестициялау мемлекеттік органдардың тарапынан жіті бақылауда жүзеге асырылатын болады. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару процесінің тиімділігін дербес ба­ғалауға және барынша табысты бас­қарушы компанияларды және инвестициялық стратегияларды таңдауға мүмкіндік алады.
Жеке басқарушыларды тарту зейнетақы активтерінің порт­фелін әртараптандыру және тиі­сінше, активтерді басқаруға байланыс­ты тәуекелдердің жалпы дең­гей­ін төмендету бойынша жүр­гі­зі­ле­тін жұмыстың бөлігі болып та­былады. Сонымен бірге, бұл ха­лық­аралық қаржы нарықтарында ак­тивтерді инвестициялық бас­қа­рудың ауқымды тәжірибесін пай­­да­лануға жағдай жасайды. Зей­нет­ақы жинақтарын басқару жүй­есі­нің болашақ реформасының тұ­­жырымдамасы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметімен тал­қы­лануда.

Біз ұсынылатын реформаны іске асыру зейнетақы қызметтерінің нарығына жағымды әсер етеді, салымшыларға қызмет көрсету сапасын арттырады және отандық қор нарығын жандандыруға серпін береді деп күтеміз.

– Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реформалағаннан кейін оның әрбір қатысушысының рөлі туралы айтып берсеңіз? Ұсы­ны­латын үлгінің басым­дық­тары қан­дай?

– БЖЗҚ зейнетақы қаражатының және жеке зейнетақы шоттарының көлемін есептеу орталығы болып қалатыны болжанып отыр. Ол сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің орнықтылығы бойынша актуарлық есептерді жасайды және олардың негізінде оны дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді. Актив­терді басқаруға үміткер ком­па­нияларға барынша қатаң талаптар, ең алдымен, мен­шікті капитал бойынша талаптар қой­ылатын болады, оларға компания тиімсіз басқару жағдайында жауап беруге тиіс. Сондықтан, нарықта көп басқарушы компания болмауы мүмкін. Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар зейнетақы активтері бойынша кірістілік деңгейін Ұлттық Банк айқындайтын бенчмарк деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Компания кірістіліктің белгіленген деңгейіне жетпеген жағдайда, ол алынбаған айырманы өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті болады. Зейнетақы активтерін басқаратын компания­лар өзара үш өлшемшарт бойынша: кірістілік деңгейі, қаржы құралдарының сапасы және алынатын комиссия мөлшері бойынша бәсекелес болады.

Ұлттық банк, өз кезегінде, бас­­қарушы компанияның пайда­сы­на таңдау жасамайтын са­лым­шы­лардың зейнетақы актив­те­рін, сондай-ақ, консер­ва­тивтік ин­вес­­тициялық страте­гия бойын­ша зейнетақы және зей­нет­ақы ал­дын­дағы жастағы адам­дар­дың зей­нет­ақы жинақтарын басқаруын жал­ғастырады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйе­сін реформалаудың ұсынылып отыр­­ған үлгісі: біріншіден, жеке зей­­нетақы жинақтарын басқарған кез­де мемлекет мүдделерінің қақ­­­тығысын болдырмауға, екін­ші­ден, зейнетақы активтерін жә­не инвестициялық стратегия­ны басқаратын компанияны таң­дау жолымен салымшыны өз зей­нетақы жинақтарын басқару пр­о­цесіне тартуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, қор нарығы да жандануға тиіс – оған зейнетақы активтерін басқаратын компания­лар түрінде жаңа «зәкірлік» инвесторлар, жеке басқарушы компаниялар және өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар шыға алады. Бұл тұжырымдама қазіргі кезде түрлі деңгейде, оның ішінде Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері жөніндегі БЖЗҚ жа­нын­­дағы қоғамдық кеңесте де тал­­­қылану үстінде. Тағы да то­лық­тырулар мен өзгерістер ен­гі­зілуі мүмкін. Бұл тәсілдің біз үшін басым болуы оның мемлекет ба­­қы­­лай­тын бәсекелес орта болуын­да.

– Қазақстан үшін зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған үлгісін сақтау неліктен маңызды?

– Әлемнің бірде-бір елінде зейнетақы жүйесінің мінсіз үлгісі жоқ екендігі сөзсіз. Әрбір, үлгінің мық­ты және осал тұс­тары бар және ол белгілі бір мін­дет­тер­ді шешуге бағытталған. Зей­нет­ақы­ны түрлі құрауыштан төлеуді көздейтін зейнетақы жүйе­сінің әр­та­раптандырылған үл­гісі зейнет­ақы жүйесінің түрлі құрау­ыш­тары­ның мықты және осал тұс­тары арасында оңтайлы теңгерім та­буға және бір құрау­ыштың кем­ші­ліктерін екінші құ­рауыштың артықшылықтары есебінен өтеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан көптеген Еуропа елдері сияқты халықтың қартаюы проблемасына кезігеді, ол кезде жыл өткен сайын зейнеткерлердің саны тұрақты түрде өсіп, ал жұмыс істемейтін азаматтардың саны баяу өседі. 90-шы жылдары экономикалық белсенді халықтың зейнеткерлерге арақатынасы 1-ге 1,8 болатын. Бүгінгі күні жағдай шамалы ғана жақсарды – Дүниежүзілік банктің деректері бойынша 2015 жылы Қазақстанда осы арақатынас 1-ге 2,2 болды. Сондықтан зейнетақы жүйесінде тек ортақ құрауыштың болуы тұрақты түрде не зейнеткерлік жас­ты арттыруды не салықтарды (бюджетке түсімдерді) ұлғайтуды, не жиын­тығында екеуін де талап етеді.

Ортақ жүйеге қарағанда, бел­гілі бір жар­налары бар жүйе қа­ғи­даты бойынша құрылған жинақ­тау­шы құрауышы қаржылық тұр­ғыдан орнықты болып табылады. Салымшылар өздерінің еңбек кірістерінен зейнетақы жарналарын енгізу және инвестициялық кіріс алу есебінен еңбек қызметі кезінде өздері жинақтаған ақшасын алады. БЖЗҚ-дан төлемдер салым­шының шотындағы сома аяқталғанша жүзеге асырылады. Әрбір жеке салымшыда бар зейнетақы жинақтарының және төлемдер мөлшерінің арасындағы арақатынас оның: 1)жүйеге қатысу ұзақтығына, 2) жүйеге енгізілген зейнетақы жарналарының санына, 3) жинақталған инвестициялық кіріске және 4) жалақының өсу қарқындарына байланысты. Дәл осы себеппен 1997 жылы белгілі бір жарналары бар жинақтаушы құрауыш Қазақстанның зейнетақы жүйесіне енгізілген болатын. Қазақстанның зейнетақы жүйесі қаржылық тұ­р­ғыдан орнықты болуы үшін зей­нетақы төлемдерінің көздерін әр­та­раптандыру қағидатын сақтау және ортақ құрауыштың үлесін біртіндеп азайта отырып зейнетақы төлеудің жаңа көздерін енгізу қажет. Қазіргі кезде біз осы жұмысты жасап жатырмыз.

– Ұлттық банк зейнетақы активтерін сақтау және олардың кірістілігін арттыру жөніндегі инвестициялық басқарушы ретінде қандай жұмыс жүргізуде?

– 2016 жылдан бастап БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестиция­лау бағыттарын айқындау бөлі­гін­дегі мәселелерді қарау мәр­тебесі Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің деңгейіне дейін арттырылды. Зейнетақы активтерін инвестициялау Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі бекіткен, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің есе­бінен сатып алуға рұқсат етілген қар­жы құралдарының тіз­бесін ескере отырып жасалған БЖЗҚ Инвестициялық декларациясында белгіленген талаптарға және шек­теулерге сәйкес жүзеге асы­ры­лады.

2016 жылы Ұлттық Банк ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынымдарына сәйкес БЖЗҚ-ның шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерінің үлесін ұлғайту жұ­мысын бастады. Нәтижесінде 2016 жылғы 1 қаңтар – 2017 жылғы 1 сәуір аралығындағы кезеңде зейнетақы активтерінің валюта­лық бөлігі зейнетақы активтері кө­лемінің 17 пайыздан 27 пайызға дейін ұлғайды. Бұл ретте Ұлттық Банк орта мерзімді перспективада валюталық позицияны ұлғайтуды және портфельді одан әрі әртараптандыру мақсатында оның үлесін зейнетақы активтері көлемінің 30 пайызы деңгейінде ұстап тұруды жалғастыруды жос­парлап отыр. Жалпы ал­ған­да портфельді валюталық әрта­рап­тандыру инвестициялар география­сын және зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаңа шетелдік нарықтарға шығу инвестициялық портфельдің сапасын жақсартуға және оның өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының сақталу деңгейін арттыру үшін Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыруды, оның ішінде Қазақстан банк секторының БЖЗҚ зейнетақы актив­терінің портфеліндегі жалпы үлесін қысқартуды және инвестициялардың жекелеген екінші деңгейдегі банктерде шо­ғырлануын төмендетуді жал­ғас­тыруды жоспарлап отыр. 2016 жылғы 1 қаңтар – 2017 жылғы 1 сәуір аралығындағы кезеңде Қазақстан банк секторының үлесі БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 33,9 пайыздан 26,4 пайызға дейін төмендегенін атап өткен жөн. Мұндай қысқару зейнетақы активтерін жаңадан екінші деңгейдегі банктерге инвестициялаудың қысқаруы есебінен, сондай-ақ, банктердің өз міндеттемелерін жоспарға сәйкес өтеуі нәтижесінде болды.

– 2016 жылдан бері зейнетақы активтері дағдарысқа қарсы шаралар жоспарында айқындалған бірқатар бағыттар бойынша инвестициялануда. Статистиканы айта аласыз ба? Банктер мен квазимемлекеттік секторға инвестициялау қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылуда?

– 2016 жылы Кеңестің ұсы­нымдарына, сондай-ақ, Үкіметтің Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті­нің қатысуымен өткен 2016 жыл­ғы 10 ақпандағы кеңей­тіл­ген оты­рысында қабыл­данған ше­шім­дерге сәйкес БЖЗҚ-ның 1161,2 млрд теңге мөлшеріндегі зей­нетақы активтері бірқатар бағыттар бойынша нарықтық талаптармен инвестиция­ланды. Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржы­ландыру үшін айналыс мерзімі 7 жыл және инфляция мен сыйлықақыға тең жылдық 0,1 пайыз мөлшеріндегі кіріспен 170 млрд теңге сомаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды; сонымен қатар, шетелдік қаржы нарықтарына инвестициялау үшін 500 млрд теңге сомаға шетел валютасы сатып алынды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін 112,8 млрд теңге сомаға 3,5 жылдық өтеу мер­зімімен және орташа алынған кіріс мөлшері жылдық 15,5 пайыз болатын екінші деңгейдегі банктердің негізделген депозиттері орналас­тырылды. Қазақстан экономикасы нақты секторының басым жобаларын қаржыландыру үшін 378,4 млрд теңге сомаға айналыс мерзімі 1 жылдан 15 жылға дейінгі және орташа алынған кіріс мөлшері жылдық 15,1 пайыз болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің негізделген облигациялары сатып алынды.

БЖЗҚ-ның зейнетақы актив­те­рін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің негізделген облигацияларына инвестициялау 2016 жылғы 15 ақпанда Үкімет отырысында мақұлданған Дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралардың 2016 жылға арналған жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Осы жос­парға сәйкес жобалардың игерілуін жә­не қаржыландырылуын ба­қы­лауды тиісті мемлекеттік хол­динг­тер («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ) жүзеге асыра­ды. Бұл холдингтер бөлінген қа­ра­­жаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкі­ме­тіне және Пре­зидент Әкімшілігіне жібереді.

Осылайша, квазимемлекеттік ұйымдар Қазақстан экономикасы нақты секторының жобаларын қаржыландырады. Бұл ретте зейнетақы активтерін инвестициялау нарықтық пайыздық мөл­шер­­лемелермен қайтару негізінде жүзеге асырылды.

– 2017 жылы инвестиция­лау­дың қандай басты бағыттары ай­қын­далды?

– Инвестициялық стратегияға сәйкес Ұлттық Банк 2017 жылы республикалық бюджеттің тапшы­лы­ғын қаржыландыру үшін еліміздің мемлекеттік бағалы қ­а­ғаз­дарын, халықаралық қаржы ұй­ым­дарының теңгемен номинирлен­ген облигацияларын иеленуді, сондай-ақ, зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру мақ­сатында шетел валютасын сатып алуды жоспарлап отыр. Ва­лю­та­лық позицияның болуы зей­нет­ақы активтерін инвестициялау гео­графиясын және зейнетақы акт­ивтерінің есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, инвестициялық портфель сапасын жақсартуға және оның өтімділігін арттыруға әкеледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық қорын бас­қару жөніндегі кеңестің 2017 жыл­ғы наурызда мақұлдаған инвес­­тициялық бағыттарының ішінде квазимемлекеттік сектор субъекті­ле­рінің негізделген борыш­тық бағалы қағаздарын сатып алу және бағалы қағаздар нарығын дамы­ту үшін инвестицияларды қоса алғанда, мемлекеттік емес ұйым­дар­дың қаржы құралдарына инвес­тициялау көзделген.

Квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алынатын облигацияларының белгіленген айналыста болу мерзімі және нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бар, бұл салынған қаражаттың қайтарымдылығын және инвестициялық кіріс алуды қамтамасыз етеді. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және толығымен Үкіметтің бақылауындағы басқа компаниялар секілді сенімділігі жоғары ұйымдар облигациялардың эмитенттері болып табылады.

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін халықаралық кредиттік рейтингтері «ААА» деңгейіндегі ірі халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларына инвестициялауға қатысты айтар болсақ, ол да нарықтық талаптармен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Азия даму банкі және Халықаралық қаржы корпорациясы сияқты халықаралық қаржы ұйымдары сенімділігі жоғары қаржы институттары болып табылатынын атап өткен жөн. Осылайша, ұсынылып отырған инвестициялар БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін қаржы құралдарының түрлері, валюталар, секторлар, эмитенттер бойынша әртараптандыруға мүмкіндік береді және жалпы алғанда портфельдің сақталуына және кірістілігіне жағымды әсер етеді.

– Қызметінің ашықтығын арттыру БЖЗҚ алдына қойылған міндеттердің бірі болды. Бұл тапсырма, сіздің пікіріңізше, қаншалықты сәтті орындалып жатыр?

– «БЖЗҚ» АҚ қызметінің ақпараттық ашықтығын арттыру үшін компания Басқармасы ақ­параттық-түсіндіру жұмысы жө­нін­дегі іс-шаралар жоспарын бекітті және осы жоспар жүйелі түрде іске асырылуда. Мәселен, осы жос­пар­ды іске асыру барысында БЖЗҚ Бас­қар­ма­сы­ның төрағасы БЖЗҚ жанынан Қо­ғамдық кеңес құруға бастама жасады, оның құрамына баспасөз өкіл­дері, қаржы сарапшылары, қор салымшыларының өкілдері, зейнетақы төлемдерін алушылар және қоғамдық ұйымдар өкілдері кірді. Кеңес қордың өзінің қызметін де, тұтастай алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесін де жақсарту жөнінде ұсыныстар бере отырып, белсенді жұмыс істеуде. Сонымен бірге, Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын іске қосу, «БЖЗҚ» АҚ Басқармасы төрағасының ресми блогын құру және жүргізу сияқты іс-шаралар іске асырылды. Қор сайтын жетілдіру жұмысы жүргізілуде, ақпаратты неғұрлым түсінікті ету және оның жан-жақты әрі толық болуы мақсатында оны беру сапасы жақсартылуда. Бұл мәселеде қор басшылығы Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынымдарын ескереді. Қордың барлық филиалдарында Ашық есік күндері өткізіледі, БЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді түрде жүргізуде.
Әрине, халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін нығайту үшін көп нәрсе істеу қажет. Бірақ басталған жұмыс, менің ойымша, дұрыс бағытта жүріп жатыр.

– Осы жылғы 13 қаңтарда БЖЗҚ Директорлар кеңесі қор қызметін жетілдіруге бағыт­тал­ған бірқатар шешімдерді қабыл­да­ғаны белгілі. Олардың кейбірі қор­дағы ішкі бақылау рәсімдерін кү­шейтумен байланысты болды. Бір бөлігі БЖЗҚ-ның меншікті ак­тив­­терін басқару функцияларын Ұлт­тық Банкке беруге қатысты бол­ды. Ол қалай іске асырылуда?

– Өте дұрыс, 2017 жылы қордың алдына жаңа міндеттер қойылды, олардың бір бөлігі белгілі болған жағымсыз оқиғаларға және халықтың БЖЗҚ-ға деген сенімін қайтару қажеттілігіне байланысты болды. Ұлттық банк басқармасы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың меншікті қаражатының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға қабылдау туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк пен БЖЗҚ арасында тиісті сенімгерлік басқару шартына қол қойылды және ағымдағы жылғы сәуірден бастап Ұлттық банк осы қаражатты басқаруға кірісті.
Ішкі бақылау және аудит рәсімдерін күшейтуге қатысты міндеттерді іске асыру бойынша да біраз жұмыс істелді. Атап айтқанда, Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру саясаты және Алаяқтық тәуекелін басқару саясаты сияқты маңызды құжаттар жаңа редакцияда әзірленді. Директорлар кеңесі халықаралық стандарттарға бейімделген және әлемдік практикада ең үздік деп танылған бұл құжаттарды бекітті. Ішкі нормативтік құжаттар тәуекел­дер­ді басқару әдістерін, бизнес-процестерді бақылау жүйесін, алаяқтық тәуекелінің алдын алу тәсілдерін көрсетеді, сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ-тың қызметін қорғаудың үш деңгейлі жүйесін көздейді. Қордың ішкі аудиті күшейтілді. Әрбір филиалдың штат кестесіне қордың өңірлік бөлімшелерінің операциялық қызметін бақылау жүйесін қамтамасыз ететін ішкі аудиторлар енгізілді. Сонымен бірге, БЖЗҚ-да 2016 жылғы зейнетақы және меншікті активтер бойынша қаржылық есептілікке сыртқы аудит жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес барлық маңызды аспектілер бо-
йынша зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік есептіліктің қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестігін растайды.

Егер БЖЗҚ-ның жақын және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен міндеттері жайында айтар болсақ, бірінші кезекте жаңа салымшыларды тарту және белсенді салымшылар үлесінің өсуі есебінен халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтудың ұлғайғанын атап өту қажет, себебі болашақта зейнетақымен қамсыздандыру жарналардың тұрақты және толық төленуіне байланыс­ты. Сонымен бірге, халықтың зей­нет­ақымен қамсыздандыру салас­ын­дағы қаржылық-құқықтық сау­аттылығын арттыру арқылы зей­нет­ақыны жос­парлау мәдениетін дамыту бойынша алда үлкен жұмыс жасау қажет.

Тағы да оқыңыз:

Алдағы күндері елімізде аптап ыстық болады

Елімізде қылмыскерлердің ДНҚ мәліметтер базасы құрастырылатын болды

Жамбылда 2 жасар сәби көлік ішінде жанып кетті

Талқылау