Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда 2 жасар сәби көлік ішінде жанып кетті

Жамбыл ауданында екі жасар сәби көлікте жанып кетті, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

th

«18 маусым күні Ерназар ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында «ВАЗ-2105» маркалы автомашинадан өрт шыққан. Өрт шыққан машинадан денесінің 90 пайызы күйік шалған 2 жасар қыз құтқарылып, Тараз қаласындағы №2 ауруханасына жеткізілді. Алайда сәби емханада көз жұмды», – делінген баспасөз баянында.

Өртті сол үйдің адамдары өздері өшірген. Олар өрт сөндіру қызметіне хабар бермеген.

Куәгерлер бүлдіршін қыздың ата-анасының қарауынсыз болғаннын, көлікте сіріңке жағып ойнап отырғанын айтады. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз:

Шаханов үндемейтін депутаттарды Ырбигүл мен Жырбибайға теңеді

Атырауда жоғалып кеткен 8 жасар қыздың денесі табылды

Ғалымдар 100% жігітке қандай қыздар ұнайтынын анықтады

Атырауда тыржалаңаш шешінген қыз түнгі қалада серуендеді (видео)

Талқылау