Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Василий Левит олимпиада алтынын иеленуі мүмкін

Василий Левит әлі де олимпиада ойындарының алтын алқасын ала алады. ХОК басшысы Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жектің нәтижелерін қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Томас Бах екі боксшы арасындағы жекпе-жекке байланысты көп сұрақтар туындағанын алты айдан кейін мойындады. Сондықтан Левит пен Тищенко арасындағы жекпе-жек қайта қаралуда.

Еске салайық, олимпиаданың финалында Левиттің жеңгені туралы айқын дәлелдер тұрғанына қарамастан, сот алқасы жеңісті ресейліктерге берді. Бұл шешім жанкүйерлердің арасында да, кәсіби мамандар арасында да сынға ұшырады. Бірақ, бұл мәселені халықаралық олимпиада комитеті бірден қарастырмады.

Жіберіп алмаңыз:

Евро-2018: Футзалдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті 

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ресейдің азаматтығын алғысы келді 

Шетелдік басылым: Головкиннің бабында болған кезі өтіп кетті 

Тайсонның бапкері: Альварес бұл жолы Головкинді оңай жеңеді 

 

Талқылау