Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Боинг” лайнерінің апатқа ұшырауының негізгі үш себебі айтылды

Ресей Федерациясының тергеу комитеті 19 наурызда Ростов-на-Дону түбінде “Боинг” лайнерінің апатқа ұшырауының негізгі үш себебі болуы мүмкін екенін айтты.

default-100r

Бұл туралы “Ресей жаңалықтары” хабарлады.

Апаттың басты үш себебі – техникалық ақау, ауа райының қолайсыздығы және экипаж қателігі.

“Апаттың түрлі себебі айтылып жатыр. Оның ішінде негізгілері – ұшақ экипажы әрекетінің қателігі, техникалық ақау және ауа райының қолайсыздығы. Себебін анықтау жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр”, – дейді РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Маркин.

Тергеу амалдарын жүргізуге БАӘ, Франция мен АҚШ мамандары қатысады. Апатқа байланысты Ростов облысында жексенбі қаралы күн болып жарияланды.

Ұшақтың құлауына байланысты қылмыстық іс әуе транспортының эксплуатациясы және қозғалысы кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу бабы бойынша қозғалды. Оқиға болған жерден екі “қара жәшік” табылған.

Әуе апаты 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 6:50-де Ростов-на-Дону әуежайында болған. Дубайдан келе жатқан “Боинг-737-800” ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, жерге түсе салысымен өртке оранған.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін апатқа ұшыраған “Боингтегі” жолаушы мен экипаж мүшелерінің тізімі жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау