Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО шенеуніктері дауыл болғанын дәлелдеу үшін тұрғындардан анықтама талап еткен

Батыс Қазақстан облысында дүлей дауыл екі бірдей ауылды жарықсыз қалдырды. Жаңбыр аралас соққан жел үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды түбірімен қопарып тастаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Безымянный

Қазір тұрғындар өз күштерімен әрекет етуде. Өйткені төтенше оқиғаға қатысты комиссия енді құрылып жатыр. Ал олардың мұндай жайбасарлығымен көмектің қашан болары белгісіз.

Жайық пен Новенкий ауылының опан-топаны шыққан. Жиырма минуттың ішінде дүлей дауыл үйлердің шатырын ұшырып, электр бағаналары мен ағаштарды тамырымен құлатыпты. Енді қос бірдей елді-мекендегі жүзден аса шаңырақ жарықсыз отыр.

Екі күннен бері мұнда жағдайын сұрап, ат ізін салмаған атқамінерлерге ауыл тұрғындары өкпелі. Сондықтан шенеуніктерден үмітін үзгендері өз күштерімен үйлерін жөндеп жатыр. Ал қаржысы жоқтары әкімдіктегілердің жолын тосуға мәжбүр.

Новенкий ауылында дауылдан балабақша зардап шеккен. Тамырымен жұлынған ағаштар терезені сындырып, төбесін жапырыпты. Ойын алаңының да түгі қалмаған. Енді оны қайта қалпына келтіру үшін мұндағылардың алдымен қыруар құжат жинауы керек.

“Ауылымызда дауыл болғанын дәлелдеу үшін ауа райы туралы анықтама алуымыз қажет екен. Онда да жел екпіні секундына 25 метрден асуы керек. Олай болмаса бізге шығынды өтемейді”, – дейді балабақша қызметкері Галина Скалозуб.

Батыстағы шенеуніктер дауылдан зардап шеккендерге нендей көмек көрсететіндерін әлі білмейді. Өйткені комиссияны апаттан соң араға бір жарым тәулік салып әрең құрған.

“Тұрғындармен кездесіп, жағдайларын білеміз. Шығынды қалай өтейтінімізді қарастырамыз. Ақшалай немесе құрылыс материалдарын берерміз”, – дейді Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев.

Әкімдіктегілер енді алдымен электр желісін жөндейміз деп отыр. Бірақ ең болмаса жарықтың ауылға қашан берілетінін сол күйі айта алмады.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанай облысында қатты боран көпірдің қоршауын жұлып кетті

Талдықорғанда аса қатты боран соқты (фото, видео)

Алматыда қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты (фото, видео)

ОҚО-да боран салдарынан 300-ден аса ғимараттың шатыры қирады

Талқылау