Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да оқушының жыныс мүшесін жарақаттаған мұғалімге үкім шықты

Батыс Қазақстан облысында 10-сынып оқушысы Еділ Мақсотовты ұрып денсаулығына зиян келтірген бұрғынғы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Айдос Ғабдулкаримовқа қатысты сот үкімі шықты.

whatsapp-image-2017-01-23-at-14.15.26-800x600-768x576

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Іс материалы бойынша, 2016 жылдың 4 қазанында балалар мектеп ауласында футбол ойнап жүрген. Оларға мас күйдегі тарих пәнінің мұғалімі келіп қосылады. Ер адам ойында басқаруға тырыса бастаған кезде, 10-сынып оқушысы Еділ оның алаңнан кетуін сұрайды. Мұғалім кетпей қояды, ал оқушы оны балағаттаған. Әріптесін қорғамақ болған әскери дайындық мұғалімі оқушыны бетінен ұрып, сосын аяғымен жыныс мүшесінен тебеді. Оқиғадан соң жасөспірім облыстық ауруханаға жеткізіліп, жұмыртқа безі езілген деген диагноз қойылады.

whatsapp-image-2017-01-23-at-14.18.14-800x600-768x576

“Сот үкімі бойынша Айдос Ғабдулкаримов “Денсаулыққа әдейі зиян келтіргені” үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деді судья,

Айыпталушының адвокаты Назгүл Кенжебаева, сот үкімімен келіспейтіндіктерін айтуда.

“Біз қылмыс абайсызда орын алды деп есептейміз. Іс бойынша материалдық және моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге төленді. Үкімге шағым түсіреміз”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Министр қытайлықтарға қанша қазақ қызының тұрмысқа шыққанын жариялады

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Талқылау