Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
БҚО-да оқ тиіп мерт болған полицейдің ісі: Күдікті өз басшысын не үшін атқанын айтты
Біраз уақыт бұрын БҚО-дағы Ақжайық ауданық ІІБ-де полицейге оқ атылған еді. Оған оқ атқан әріптесі Серік Ғаріп оқиға орнында ұсталды. Медициналық тұжырымдамаға сәйкес. Ол қылмыс жасаған кезде аффект жағдайында болған.
Медициналық сарапшылар 24 жастағы Серік Ғаріптың ақыл-есі дұрыс екенін анықтады. Сарапшылардың пікірінше, ол соңғы уақыттарда күйзеліске түсіп, психологиялық аффект жағдайында болғандықтан. Оның қылмысқа баруына осындай күйі себеп болыпты, деп хабарлайды «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Күдіктінің берген жауабына қарап осындай тұжырым берілді. Ол жауап алу барысында қайтыс болған взвод командирі Рүстем Рақышев жұмыстың алғышқы күнінен бастап өзін кемсітіп келгенін айтты.
Полицейдің сөзінше, сол күні басшысы өзін тағы кемсіткен.
«Мен қару тұрған бөлмеден тапаншаны алып, сыртқа қарай беттедім. Көшеден Рүстем Рақышевті көрдім. Ол әдеттегідей қолын кеңге салып, аю сияқты келе жатты. Мен оны жек көрдім. Оның осылай жүріп, өзін осылай ұстайтыны ашуыма тиетін. Мен оның артында келе жаттым. Осы кезде тапаншаны алып, аяғының астына оқ аттым», – дейді күдікті.
Мұнан кейін басшысы құлап қалғанша оқ атуын жалғастыра беріпті. Мұнан кейін әріптестеріне берілген.
Серіктің жұмысында қиындықтары болғанын ағасы да білген.
Оның сөзінше, Серік Ғарып тұйық адам болған. Сондықтан жұмысы туралы тіс жарып айтпайды екен. Тек өзіне 2017 жылы болған жағдайды айтып беріпті. Сол кезде Серік үйге қатты жабыққан күйде келген. Өзінен не болғанын сұрағанда, жігіт жылап жіберіп, шаршағанын және мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын айтқан. Алайда істің мән-жайын айтудан бас тартып, артынша ол туралы мүлде сөз қозғамапты.
Серіктің әкесі Нұрлан Ғаріп те оның тұйық мінезі туралы айтты. Оның айтуынша, әлі күнге дейін мұндай жайтқа не себеп болғанын білмейді екен. Ұлымен кездескен кезде де ол болған жағдайды айтудан бас тартыпты.
«Анасымен кездесуден бас тартты. Оның келмеуін сұрайды. Маған қорғаушы жалдауға тыйым салды. Оның қызығушылығын әлі күнге дейін мемлекет тарапынан ұсынылған тегін қорғаушы қорғап жатыр», – дейді Нұрлан Ғаріп.
Десе де марқұмның туыстары медициналық сарапшылардың тұжырымдамасымен келіспей отыр. Рүстем Рақышевтің әкесі Серік Ғаріптің өз ұлын әдейі өлтіргеніне сенімді. Ешқандай аффект жағдайының болуы мүмкін емес, дейді ол. Ендігі ол қайта сараптама жасалғанын талап етіп іотыр.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының барлық қызметкері жұмысынан босатылды.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың қыркүйек айының басында БҚО-да полиция қызметкері өз басшысын ішкі істер басқармасының ауласында атып өлтірген еді.