Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жұрттың смартфонын әкімдікке кіреберісте алып қалып жатыр

Батыс Қазақстан облысы ауылдарында әкімдік кіреберісінде тұрғындардың телефонын алып қалып жатыр.

94_main

Сурет informburo.kz

Бұл туралы Мой Город порталы хабарлайды.

“Бізде газ бен телефонның төлемдерін әкімдік ғимаратында қабылдайды. Тіпті мал дәрігері де сонда отырады. Адамдар ақшаларын төлейін деп барса, кіреберісте телефондарын алып қалуда. Тіпті қарт кісілердің де. Барлығы бұл нәрсеге реніш білдіргенімен, әкім Александр Шаталов ешкімді тыңдағысы келмейді”, – дейді Владимир есімді тұрғын.

“Мен мемлекеттік қызметкерлердің мекемеге смартфонсыз кіруге болмайтындығы туралы заң шыққанын білемін. Ал біз қарапайым адамдармыз ғой. Тіпті төлем қабылдаушы қызметкерлер де телефондарын тастауға мәжбүр. Ал олар аталмыш ғимаратты тек жалға алушылар. Біз ешқандай құпия құжаттармен айналыспаймыз. Дариға Назарбаеваның өзі бұл заң тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты демеп пе еді”, – дейді ашынған тұрғындар.

Ал Погодаев ауылының әкімі Александр Шаталов ешқандай ұялы телефонды әкімдік ғимаратына алып кіргізбеу туралы бұйрық келіп түскенін айтады.

“Аудандық әкімдіктен маған хат келді, бірақ, оны сіздерге көрсетуге менде де құқық жоқ. Бұл мәселе бойынша аудандық әкімдікке хабарлассаңыздар болады”, – дейді әкім.

Аталған жаңа заңнан тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, журналистер де зардап шегіп отыр. Сәуір айының басынан бері тілшілерді сотқа, прокуратураға, әкімдікке смартфонмен кіргізбей тастаған.

17 наурыз күні мемлекеттік мекемелерде смартфондардың қолданылуына тыйым салынған еді. Бұл мекемелердегі ақпарат қауіпсіздігіне байланысты туындаған.

Талқылау