БҚО-да 125 балл жинаған ауыл мектебінің оқушысы Лос-Анджелесте оқығысы келеді

Сейсенбі, 7 Маусым , 2016 15:58

Батыс Қазақстан облысында Ұлттың Бірыңғай Тестілеуде ең жоғарғы 125 баллды Ақнұр Беркенова жинады. Ол енді оқуын Астанадағы Евразия ұлттық университетінде жалғастырмақ.

ENT-Akhnur

Бұл туралы Мой Город хабарлайды.

Ақнұр Беркенова – Қаратөбе ауылындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының түлегі.

“Мен мұнда оқуға 2005 жылы келдім. 11 жыл бойы тек беске оқыдым. ҰБТ-дағы нәтижем үшін ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Олар оқы, оқы деп артық қысым жасаған емес, өз бетімше дайындалдым. 9-шы сыныптан бастап ұстаздарымнан қосымша сабақ ала бастадым. Мен 120 баллдан жоғары жинайтыныма сенімді болдым, бірақ 125 болады деп ойламадым. Нәтижені естіген кезде еріксіз жыладым”, – дейді Ақнұр.

Жас түлектің айтуынша, тестке келген кезде өте қатты толқыған.

“Брошюраны ашып қарасам, барлығы жауабын білетін сұрақтарым екен. Сосын барып сабырға келіп толтыра бастадым”, – дейді ол.

Енді “Алтын белгі” иегері Евразия ұлттық университетіне түсуді қалайды. Одан кейінгі арманы – “Болашақ” бағдарламасымен Лос-Анджелесте білім алу. Ол қаржы қызметкері мамандығын таңдамақ. Ал әкесі Нұрбол қызының дәрігерін болғанын қалаған екен.

“Бірақ қызым дәрігер болғысы келген жоқ. Сосын бізде қатты үгіттемедік. Ол болашақ өз саласын сүйіп атқаруы тиіс”, – дейді әкесі.

Биылғы жылы Қаратөбедегі мектептен 25 түлек бітіріп шықты. Олардың 11-і ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинады. Олардың ішіндегі “Алтын белгіге” үміткер екі оқушы да артылған сенімді ақтай алды.

“Бір үміткерге “Алтын белгіге” ие болу үшін Қазақстан тарихы пәнінен небәрі бір балл жетпей қалды. Мұндай үлкен жетістіктің барлығы – жоғарғы деңгейде білім беріп келе жатқан мұғалімдеріміздің арқасы”, – дейді мектеп-гимназия директоры Берікжан Ғарапшиев.

Еске сала кетсек, биылғы енгізілген жаңа ереже бойынша ҰБТ-да міндетті балдан жоғары жинай алмаған түлектер қайта тапсыра алады. Ол үшін арнайы белгіленген құн бойынша ақша төлеулері тиіс. Сондай-ақ, ҰБТ тапсыра алмағандар да жоғарғы оқу орындарына құжат тапсыруға құқылы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар