Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнесмен Тоқтар Төлешовке 16 қылмысқа қатысы бар деген айып тағылды

Бүгін Астанадағы әскери сотта шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтың ісі бойынша брифинг өткізілді.

ae721f8f-84a6-48f6-882e-d8a003a56eff

5 қыркүйекте болған алдын-ала тыңдау бойынша, іс қорытындыланып өндіріске жіберіліп, басты сот отырысының уақыты белгіленді.

“Қылмыстық іс көлемі 300 том болды. 14 қыркүйекте сот отырысы өтеді. Іс құрамында мемлекеттік құпия болып есептелетін материалдар бар болуына байланысты сот отырысы жабық режимде өтеді. Төлешов 16 қылмысқа қатысы бар деп айыпталуда. Жалпы іске 25 айыпталушы, 16 адвокат-қорғаушы, 104 куәгер, 17 зардап шегуші және зардап шегушілердің 2 өкілі кіріп отыр”, – деп хабарлады сот.

Сондай-ақ, іс негізінде зейнеткер, екінші деңгейлі мемлекеттік әділет кеңесшісі Ілияс Бақтыбаев және зейнеткер, полиция генерал-майоры Хибратула Досқалиев те сот отырысына қатысады.

“Олар билікті басып алуға үгіттеу немесе билікті күшпен ұстап отыру, экстремистік топқа жетекшілік ету бойынша айыпталып отыр”, – деді Әскери соттың қылмыстық іс бойынша өкілі Жандос Мұсабекұлы.

Ал 35748 әскери бөлімінің командирі, полковник Бекзан Жумин және 55652 әскери бөлімінің командирі, подполковник Қайрат Пернебаев пара алды деп айыпталуда. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрған деп айыпталғандардың арасында ОҚО ІІД басшысының бірінші орынбасары Сәкен Айтбаев та бар.

Өзге іске қатысы бар 19 адам ҚР ҚК бойынша түрлі баптар негізінде айыпталған.

Бұған дейін Төлешовтың арнайы операция арқылы ұсталанын, оның зауытын күзеткен азаматтардың ереуілге шыққанын, оның әйгілі сыра зауыты сатуға қойылғанын хабарлаған едік. ҰҚК: Төлешовтың жер реформасына қарсы наразылық шарасын қаржыландырғанын да мәлімдеген.

ҰҚК айтқандай Төлешов Қазақстан билігін басып алмақшы болған. Бірақ, кейінгі тергеу деректеріне сәйкес ол вице-президент қызметін иеленіп, билікке талап қоймақшы болыпты. Арнайы күшке ие Төлешовтың қарамағында 90 арнайы оқытылған жауынгерлер болған. Оның қылмыстық тобы адам ұрлап, өлтірген.

Оқи отырыңыздар:

Атышулы Төлешовтің әйгілі сыра зауыты сатуға қойылды

ҰҚК: Төлешов жер реформасына қарсы наразылық шарасын қаржыландырған

Кәсіпкер Тоқтар Төлешов қыздарының әр жылғы туған күнін ерекше тойлатқан

Шымкентте белгілі кәсіпкер Тохтар Төлешов арнайы операцияның кезінде ұсталған

Талқылау