Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері белгілі болды.

Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге ретінде бекітілді. Төралқа мәжілісі мүшелері бірауыздан осындай шешімге келді.

Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, бидайдың құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Естеріңізге сала кетсек, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. ҚМДБ бекіткен діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталып, 14 маусымда аяқталады.

Оқи отырыңыз:

Пітір садақасын кімдерге және қалай беруге міндеттеледі?

Ораза кестесі 2018. Ораза және намаз уақытының кестесі

Астана қаласына арналған 2018 жылғы ораза және намаз кестесі

Алматы қаласына арналған 2018 жылғы ораза және намаз кестесі

Шымкент қаласына арналған 2018 жылғы ораза кестесі

Талқылау