Пітір садақасын кімдерге және қалай беруге міндеттеледі?

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 11:48

Пі­тір са­да­қаны беру Хиж­рет­тің екін­ші жы­лы, Ра­ма­зан ора­за­сы па­рыз етіл­ген жы­лы міндеттелді. Зекеттен бұрын пітір садақасы уәжіп болды.

039234e2-314b-4d39-b0d3-12ba5269ee4a

Сурет: today.kz 
Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Пітір садақасын беру әрбір дәулетті мұсылман ер мен әйелге – уәжіп. Сахих Бухариде келтірілген бір риуаятта Абдулла ибн Омар (р.а.) былай дейді:

«Алла елшісі құрмадан бір саъ немесе арпадан бір саъ пітір садақасын беруді әр бір мұсылман құл мен азаттыға, әйел мен еркекке, үлкен мен кішіге өлшеп бекітті. Және оны айт намазына шықпай тұрып беруді бұйырды». (Бір «саъ» шамамен 2 кг 918 грамм).

Әбу Дәуідте келтірілген бір риуаятта, Пайғамбарымыз былай деген: “Бір саъ бидай – екі адамға (есептеліп беріледі)” . (Бір «саъ» шамамен 2 кг 918 грамм).

Пітір садақаның мәні

Сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) пітір садақаның мәнін былай деп түсіндірген:

«Пайғамбарымыз пітір садақаны ораза кезінде ауыздан шыққан ұнамсыз сөздер мен жағымсыз істерден тазару үшін әрі кедейлерге ішер ас болсын деп міндеттеді…».

Сондай-ақ, Құран Кәрімнің Ағла сүресінде былай делінеді:

«Өзін тазартумен қатар, Раббысын еске алып намаз оқыған кісі сөзсіз құтылды».

Осы аятты Омар ибн Абдулазиз (р.а.) «пітір садақасын беріп, артынан айт намазын оқыған кісі сөзсіз құтылды», – деп тәпсірлеген.

Хадисші Уәкиъ ибн әл-Жәррах та (р.а.) пітір садақасының маңыздылығын былайша тілге алады:

«Рамазан айындағы пітір садақа – намаздағы сәһу сәждесі іспетті. Намазда жіберген қателікті сәһу сәждесін жасау арқылы жоятын болсақ, оразадағы кем-кетіктерді пітір садақасын беру арқылы толықтырамыз».

Ендеше, пітір садақа беру арқылы бір шетінен ораза кезінде жіберіп алған анша-мұнша қателіктерімізді жуып-шайып, кем-кетігін толықтыратын болсақ, екіншіден, Алла ризалығын үшін мұқтаж адамға жәрдем еткеніміз үшін де дүниемізге береке кіреді. Алла тағала Құранда: «Сендер жақсы көрген нәрселеріңнен садақа бермесеңдер, жақсылыққа қол жеткізбейсіңдер» [4], – дейді.

Оның үстіне, пітір садақа қалталы жандарды жомарттыққа баулып, осылайша қоғамда бауырмалдылық пен жәрдем берушілікті қалыптастырады.

Пітір садақасы кімдерге уәжіп?

Пітір садақасын беру – әрбір азатты әрі қалталы мұсылманға уәжіп. Пайғамбарымыз (с.а.у): «(Пітір) Садақаны беру бай адамдарға міндеттеледі», – деген [5]. Тұрмысы нашар кісіге пітір садақа беру міндет емес. Әйтсе де, сауап үшін пітір садақа берем десе, өз еркі.

Бұл жерде «қалталы кісі» деп, негізгі қажеттілігінен тыс 85 грамм алтынға тең келетін артық дүние-мүлкі бар мұсылман адамды айтамыз. (85 грамм алтын – 1 267 180 тенге). Дәлірек айтқанда, әлдекімнің тіршілігіне қажетті дүниелерінен тыс «85 грамм алтынға» тең келетін қандай да бір артық, қажетіне қолданбайтын мүлікке ие болса, оған пітір садақасын беру парыз. Мысалы: Бір кісінің екі автокөлігі бар делік. Бірін өзі және отбасы мінсе, екіншісі мінілмей жай тұр делік. Мұндай жағдайда, автокөлік иесіне пітір садақасын беруі – уәжіп. Күнделікті ішім-жемінен, киім-кешегінен, отбасының нәпақасынан артылып жиналған ақшаның мөлшері 85 грамм алтынға жеткен болса да үкім сол [6].

Пітір садақаны кімдер үшін береді?

1. Пітір садақаны отағасы өзі үшін және балиғатқа толмаған жас балалары үшін жеке-жеке есептеп береді.

2. Әйелі, үлкейген ұл-қыздары, ата-анасы, ата-әжесі, туған-туыстары, бауырлары, жатырдағы әлі дүниеге келмеген балаcы үшін пітір беру міндеттелмейді [7]. Бірақ, сауап үшін әйелі мен үлкейген ұл-қыздарына да есептеп берем десе, өз еркі. Әзіреті Осман мінген аты үшін де пітір садақа бергендігі деректерде айтылған [8].

3. Сауап іздеген жанға өзінің қарауындағы үлкейген балалары мен әйелі үшін де беруіне болады [9]. [10].

4. Ақыл есі дұрыс емес кедей ата-анасы мен ақыл есі дұрыс емес үлкен балаларының орнына пітір беруге де міндеттеледі [11].

5. Бақуатты әйел тек өзі үшін пітір садақасын береді. Басқа жақындары үшін, олардың атынан пітір садақа беруге міндеттелмейді. Әйел кісі өзінің кішкентай балалары үшін беруге міндетті емес. Дегенмен, сауап үшін беріп жатса ол басқа.

6. Пітір садақасын беру міндеттелген кісі садақасын бермей тұрып қайтыс болса, артында қалған дүниесінен есептеп беру шарт емес. Дегенмен, мұрагерлері сауабы тие берсін деп, беріп жатса, рұқсат [12]. Бұл – айт күнінен бұрын қайтыс болған адамға қатысты.

7. Пі­тір са­да­қа­ны айт кү­ні таң аты­сы­мен бе­ру уә­жіп бол­ған­дық­тан, айт күні қайтқан жанның туыс­та­ры артында қалған ма­лы­нан өтейді. (Кедей кісі үшін шарт емес).

8. Ана құрсағындағы балаға пітір садақа берілмейді.

Пітір садақаның мөлшері

Пі­тір са­да­қа­сын төрт нәр­се­нің кез-кел­ген біреуі­нің өзі­нен не­ме­се құ­ны­нан бе­рі­ле­ді.

1. Би­дай не­ме­се би­дай ұны­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 1 кг 459 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

2. Ар­па не­ме­се ар­па ұны­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2 кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

3. Құр­ға­тыл­ған жү­зім­нің уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2 кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

4. Құр­ға­тыл­ған құр­ма­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2 кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны [13].

Осы жерде мынаны ескерген жөн: ке­дей­лер­дің кез-кел­ген қа­же­ті­не ың­ғайлы бол­ған­дық­тан тізіп өткен дақылдардың өзін емес, ақшалай құ­нын бе­ру – абзал. Бұған дәлел сахаба Муғаз ибн Жәбәл Йемен халқынан пітір садақа ретінде, әрі оларға жеңіл әрі Мединедегі мухажир сахабаларға қайырлы болады деп, арпаның орнына киім алғаны Сахих Бухариде риуаят етіледі [14].

ЕСКЕРТПЕ: Биыл (2016) пітір садақаның мөлшері адам басына 200-ден деп белгіленді.

Пітір садақаның берілу уақыты

Пі­тір са­да­қа­ның берілуі – Ора­за айт кү­ні таң аты­сы­мен уә­жіп бол­ады. (Одан ерте берсе де болады). Түрлі себептермен атал­мыш мер­зім­нен қан­ша ке­шік­ті­ріл­се де, пі­тір са­да­қа мін­дет­ті түр­де бе­рі­луі тиіс.

Айт күні келмей тұрып та, Рамазан айы ішіндегі күндердің бірінде беруге болады. (Халық арасында пітір садақасын Рамазан айының үшінші он күндігінде беру әдетке айналған).

Пітір садақаны айт намазы басталмай тұрып беру – мұстахаб. Өйткені, Пайғамбарымыз пітір садақаны айт намазына шықпай тұрып беретін болған [15]. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Осын­дай күн­де (айт мей­рамы кү­ні) ке­дей­лер­ді қайыр са­да­қа ті­леуге мұқ­таж ет­пең­дер», – де­ген. Бүкіл ел қуа­нып, той­лай­тын мей­рам кү­нін­де берілген пі­тір са­да­қа­ға қа­жет­ті нәр­се­ле­рін алу арқылы кедейлердің де жұрт қатарлы жадырауын көздейді дініміз [16].

Пітір садақасын кімдерге береді?

Құран Кәрімде айтылған зекет берілетін орындарға пітір садақаны да берсе болады. Олар: 1. Па­қыр­лар; 2. міс­кін­дер; 3. Зе­кет жи­науға та­ғайын­дал­ған ар­найы адам­дар; 4. кө­ңіл­де­рі жі­бі­ті­луі мақ­сат етіл­ген­дер; 5. Құл­дар­ды азат ету­ге; 6. Қа­рыз­ға бат­қан­дар; 7. Аллаһ жо­лын­дағылар; 8. Қар­жы­ла­ры бі­тіп, жол­да қал­ған­дар [17].

Па­қыр деп, ни­сап мөл­ше­рі­не же­те­тін байлы­ғы жоқ адам­дар­ға айтылса, міс­кін деп – тү­гі жоқ адам­дар­ға айтады.

Қарызға батқандар деп, қа­ры­зы­нан тыс ни­сап мөл­ше­рін­де­гі дүниеге ие бол­ма­ған адамды айтамыз.

Жолда қалғандар деп, не­гіз­гі тұ­рғылықты жер­ле­рін­де ақ­ша­ла­ры бар бола тұра, жолшыбай ақшасыз қалып, еліне жете алмай қалған кісілерді айтамыз.

Бұлармен қатар алыс-жақын туған-туыстары, бауырлары арасындағы тұрмысы-нашар кісіге де пітір садақасын беруіне болады. Тіпті оларға беру – өзгелерге бергеннен екі есе сауабы көп. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Садақаны туысына берген адамға екі сауап бар: Бірі – туыстық сауабы, екіншісі – садақа сауабы», – деген [18].

Алайда, пітір садақасын өзінің туған ата-анасына, ата-әжесіне, әйеліне, өзінің ұл-қыздарына, олардан туған немерелеріне бермейді.

Жіберіп алмаңыз:

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Мен мына такырыпты окып отырып бир нарсени тусинбедим бириншиси аягы ауыр айел птирди ишиндеги баласы ушин бермейди деген биздин мешитке барган аЯгы ауыр келинш ектерге ишиндеги баланада бер деп алып калган аман есен дуниеге келу ушин деп алган ал меним жолдасым уйде канша адам бар сонын барине питир садака берди мында айткан ата анасына айелине баласына беруге болмайды деп берилмейтин болса адам басына неге акша алады осыны тусиндирип беринизши

    • Анонимно says:

      Анонимно, макаланы дурыс окып шыксаныз бари тур.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар