Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл қандай жолдар ақылы болады?

Осы жылдың желтоқсан айынан бастап Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай жолдары ақылы жүйеге көшіріледі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің хабарлауынша, республикалық маңызы бар тасжолдар ақылы жүйеге ауыстырылады. 2020 жылы 6,5 мың шақырым жолды жүріп өтуді ақылы ету жоспарда бар екен.

“Осы жылы республикалық маңызы 470 шақырым жолды ақылы ету аяқталады. Бұл Астана-Теміртау (132 шақырым), Алматы-Қапшағай (142 шақырым). Желтоқсан айында бұл тасжолдарда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, ақылы түрде қызмет ете бастайды”, – деді Қасымбек.

Келер жылдың бірінші тоқсанының соңында Алматы-Қорғас (295 шақырым) жолы да ақылы жүйеге көшірілмек.

Жіберіп алмаңыз:

Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)

Ислам Каримовтың қызы ешкім күтпеген суретін жариялады

Америкалық мейрамханада «елесті» видеоға түсіріп алған (видео)

Талқылау