Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл әлемде қанша адам ораза ұстады?

Ұлыбритания газеті “The Independent” ақпараты бойынша, биылғы қасиетті айда шамамен 1,6 миллиард адам ораза ұстайды екен, бұл дегеніміз әлем халықтарының 22%-ы.

9119021

Фото: Sputnik Қазақстан

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Жаз айларында кейбір елдерде, соның ішінде Лапландияда, Финляндияда және Швецияда күн үнемі шығып тұруы мүмкін, кейде 1 сағатқа ғана күн ұясына батады екен. Аталмыш басылым Рамазан кезінде күн 55-ақ минутқа бататын солтүстік Финляндияда тұратын отбасымен әңгімелесіп қайтқан.

“Біздің оразамыз таңғы 1:35-те басталып, түнгі 12:48-де бітеді. Осылайша, оразамыз 23 сағат 5 минутке созылады. Менің Бангладеште тұратын достарым мен туыстарым біздің оразамыздың 20 сағаттан артық болатынына сене алмайды”, — деді жанұя отағасы Мохаммед.

Дегенмен, оның айтуынша, көрші елдердегі мұсылмандар осындай жағдайларға бейімделіп алған. Мысалы, Лапландияда тұратын мұсылмандар өздеріне жақын орналасқан мұсылман елі – Түркияның ораза ұстау уақытымен жүреді екен.

Оқи отырыңыз:

Нью-Йорктегі қазақ полицей есірткі баронын құрықтағаны үшін марапатталды

Мексикада Трамптың суреті басылған дәретхана қағазы шығарыла бастады

Таиланд полицейлері Мақсат Үсеновті босатты

Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды

Талқылау