Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкекте қырғыздар елдегі қытайларға қарсы шеруге шықты

Бішкектің Ала-Тоо алаңында қытайлық экспансияға қарсы шеру өтті. Шеруге жүзеген адам шықты.

Бішкекте қытайларға қарсы шеру өтіп жатыр 

Шеру ұйымдастырушысы«Кырк чоро» белсендісі Аманбол Бабақұлов.

Олар Қытай азаматтарына Қырғызстан азаматтығын беруге мораторий жариялауды сұрайды. Билік өкілдері жауап беруін талап етті.

Соңғы екі айдан бері елде қытайларға қарсылық көзқарасы бақылауда ұсталып келеді. Елдің ресми өкілдері мен президенті Пекинмен қатынасты бұзғысы келтіндерді жазалайтынын мәлімдеді.

Алғаш рет шеру 20 желтоқсанда өтті. Шеруге шыққандар 20 желтоқсан күні Бішкектегі Қытай елшілігенің алдына барып, 30 күн ішінде елдегі заңсыз жүрген қытайларды шығаруды талап етті. Сонымен қатар оларға берілетін паспорттың заңдылығын тексеретін комиссия құруды сұрады.

9 қаңтар күні ел президенті Сооронбай Жээнбеков тұрғындармен кездесіп, пікірін айтты. Ол қытайларды жақтап, Пекинмен қатынас құрудың жақсы тұстарын тізіп берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау