Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)
Жанар Дұғалованың әндерін екінің бірі орындай алмайды. Мұны әншінің экс-продюсері Баян Мақсатқызы жақсы біледі. Дәл осы себепті Жанардың әнін шебер орындаған қыз продюсерді тәнті еткен ұқсайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Мақсатқызы қырғызстандықтарға кітабын таныстырды. Күні кеше танымал продюсер “Баян. Өзім жайлы ғана емес” атты кітабының тұсауын Бішкекте кесті.
Қырғызстандықтар продюсерді жылы қабылдаған сыңайлы. Оны Баян Мақсатқызы жариялаған видеодан аңғардық. Продюсер Жанар Дұғалованың “Айта берсін” әніне сахнада тұрып, асыр салып билеген. Ал әнді есімі белгісіз жас орындаушы шырқаған.
Продюсер әдеттегідей желі оқырмандарының пікір қалдыруын шектеп тастапты.
Жіберіп алмаңыз:
Қара жігіт домбыра тартып, «Алғашқы махаббат» әнін орындады (видео)
Түріктің танымал әншісі Бурай қазақстандық тыңдармандарына тосынсый жасады (фото, видео)
Тұрсынбек Қабатов белгілі әзілкешке 3 бөлмелі пәтер құнына тең сағат сыйлады
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Жәбірленушінің анасы бір ғана адамның күдікті ретінде танылғанына наразы