Тұрсынбек Қабатов белгілі әзілкешке 3 бөлмелі пәтер құнына тең сағат сыйлады
Актер Тұрсынбек Қабатов өзінің театрында жұмыс істейтін танымал әзілкеш Арман Жаналиевқа қымбат сыйлық жасады. Ол Арманға 3 бөлмелі пәтер құнына тең сағат тартулады.

Бұл туралы Арман Жаналиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
«Құттықтап қойсаңыздар болады, бастық өзінің қол сағатын сыйға тартты. Тәке раxмет, Таразша отдуши братан, сіздің жолыңызды берсін ин ша Аллаx! Сағаттын бағасын айтпай-ақ қояйын, бәрібір сенбейсіздер! Таразда 3 бөлмелі үйдің ақшасы», – деп мақтанды әзілкеш.
Бұл ретте желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Бірі Арманды жаңа сағатымен құттықтаса, екіншілері “мақтаншақ” деп сөкті.
“Сол ақшаны балалар үйіне берсе”, “Сол ақшаны жағдайы төмендерге берсе, шіркін, жағдайы жақсарып қалар еді”, “Құтты болсын, демек еңбегіңді бағалаған ғой”, “Құтты болсын, сіз де осындай бастық болыңыз”, “3 бөлмелі пәтер 14-15 миллион тұрады”, – деп жазды желідегілер.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар