Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу аяқталды

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметте бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өткені айтылады.

“Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы”, – делінген ақпаратта.

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 27 наурызда, яғни бүгін сағат 16:00-ге белгіленген.



Бұған дейін Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн көрсетілетіні туралы хабарланған.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді.

Талқылау